<< Назад
Wednesday, 06 October 2021 10:19

Facebook, Instagram және WhatsApp желілері істен шықты

Facebook, Instagram және WhatsApp желілері әлем бойынша істен шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. [kaz.tengrinews.kz]

Желі қолданушылары қазіргі уақытта Youtube пен Telegram желілері істеп тұрғанын ғана жазып жатыр.

 

Downdetector сервисінің мәліметінше, бұл әлем бойынша байқалған ақау. Әлеуметтік желілердегі ақаулар туралы Қазақстан, АҚШ, Ресей, Ұлыбритания, Израиль, Аргентина, Италия, Германия, Иран және басқа елдердің пайдаланушылары хабарлап жатыр.

Ақау туралы алғашқы хабарламалар Нұр-Сұлтан уақытымен 21.34-тен кейін пайда бола бастады.