Thursday, 05 August 2021 13:45

WhatsApp мессенджерінде жаңа функция пайда болады

WhatsApp мессенджерінде жаңа функция пайда болды. Мессенджерде бір рет қана көруге болатын сурет және видео жіберу мүмкіндігі болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Tech Crunch сайтына сілтеме жасап. [kaz.tengrinews.kz]

Енді қосымшаның кез келген қолданушысы бір рет қана қарау режимінде сурет немесе видео жіберу мүмкіндігін алады. Хабарламаны алушы оны бір рет қарағаннан кейін хат біржола жойылып кетеді.

Бұл функцияны пайдалану үшін файлды жіберу батырмасының жанындағы батырманы басу керек. Компания бұл функция барлық пайдаланушыға осы аптада қол жетімді болатынын айтты.

Мессенджерді құрастырушылар қағазға жазылған парольдерді осылайша бөлісу ыңғайлы деп есептейді және бұл функцияның арқасында пайдаланушылар жіберген сурет пен видеоның құпиялығы туралы алаңдамайды.