<< Назад
Saturday, 01 May 2021 16:45

Microsoft 15 жылдан бері өзгермеген стандарт қаріпті алмастырмақ

Америкалық Microsoft компаниясы 2022 жылы кеңсе қосымшалары үшін стандарт қаріпті өзгертуді жоспарлап отырғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі компания сайтына сілтеме жасап.[Tengrinews]

15 жыл бойы Microsoft Office-тегі стандарт қаріп Calibri болған, енді ол жаңасына өзгертілмек. Microsoft қолданушыларға жаңа қаріптің қандай болатынын өзіне шешуді ұсынды. Office-те 700-ден аса қаріп нұсқасы бар болғанымен, әзірлеушілер жаңа бес нұсқаны жасауға тапсырыс берді, олардың біреуі Calibri-ді алмастырады.

Бес жаңа қаріп дәстүрлі, заманауи, сонымен қатар неміс жолдары мен теміржол белгілерінен шабыт алған әртүрлі стильде жасалған.

Эрин Маклафлин мен Вей Хуанг жасаған Тенорит - бес стиль ішіндегі дәстүрліге ең жақыны. Бұл Calibri-ге дейін стандарт қаріп болған Times New Roman-ның заманауи нұсқасына ұқсайды. 

Skeena символдың қалың және жұқа бөліктері арасындағы үлкен айырмашылыққа назар аудара отырып жасалған.

Ал Bierstadt ХХ ғасырдың ортасындағы швейцариялық баспаханадан шабыт алған. Ода таңба сызбалары айқын және көп пайдаланушыға таныс Helvetica-ға ұқсас жерлері бар. 

Тобиас Фрер-Джонс, Нина Стессингер және Фред Шеллкрасс жасаған Seaford барлық жаңа қаріптің ішіндегі ең танымалы болып көрінеді.

Дизайнерлер Grandview жасаған кезде немістердің жол және теміржол белгілерінен шабыт алған.

Бүгіннен бастап Microsoft осы бес жаңа қаріп туралы пікірлер жинай бастайды, олар Microsoft 365-тің соңғы жаңарған нұсқасында бар. Ішіндегі ең танымал болғанын 2022 жылы кеңсе жиынтығы үшін стандарт қаріп етеді.