<< Назад
Monday, 30 September 2019 18:04

«Яндекс» «ақылды» фотогалереяны ұсынды

«Яндекс.диск» суреттер мен бейнелерді жаңаша сақтап және іріктейтін болды: суреттер мен бейнелерді папкаларға бөледі, олардың ішінен ең әдемі кадрларды көрсетеді. Пайдаланушыларға фотосуреттерді талдауға уақыт жұмсаудың қажеті жоқ. Енді " Яндекс.диск" - бұл файлдарды сақтауға арналған орын ғана емес,"ақылды" фотогалерея.

«Яндекс.диск» компьютерлік көрудің көмегімен сәтті және сәтсіз суреттерді іріктейді.  Біріншісі "Әдемі" альбомына, екіншісі "Талдау" альбомына түседі.Егер адам демалыстан қайтып оралса, фотосуреттерді әлі талдамаса да, олардың ішіндегі ең үздіктерін достарына көрсете алады. Сонымен қатар, "Диск" түрлі альбомдар бойынша фото, скриншоттар мен бейнелерді бөліп, реттейді. Осылайша, енді сапардан жүздеген суреттер арасында маңызды ақпарат бар скриншот іздеудің қажеті жоқ.

"Фотосуреттер «Бұлттағы» файлдар ғана емес. Бұл өмірдің маңызды бөлігі. Бұл оның ең жарқын сәттері туралы эмоциялар мен естеліктер. Ақылды фотогалерея осы сәттерді өзі іздеп табады және ең маңызды әсерлерді – оқиғалар, шетелге саяхат немесе жаныңа қымбат адаммен кездесулерді қайтадан бастан кешіруге көмектеседі,-деді "Яндекс.диск" жетекшісі Владимир Русинов.

«Бұлтқа» жүктелген суреттер үлкен экранда, сервистің веб-нұсқасында көру жағымды болды: фототаспа енді басқаша көрінеді. Оны компьютерлік көру негізінде арнайы алгоритм қалыптастырады. Ол суреттердің бағытын, олардың сюжетін, композициясын ескереді және осыған байланысты таспаға шығарады. Ең сәтті суреттер басқаларға қарағанда ірі көлемде көрсетіледі.

Чтобы люди чаще вспоминали приятные моменты из прошлого, «Яндекс.диск» стал присылать тематические подборки — например, с самыми красивыми снимками моря или городских улиц.

Сортировка файлов по альбомам и тематические подборки работают в «Яндекс.диске» для iOS и Android, новая фотолента доступна в веб-версии сервиса и в ленте мобильного «Яндекс.диска» — в подборках снимков из прошлого.