Monday, 21 October 2019 18:45

ANDROID 10 SAMSUNG GALAXY S10-ҒА ЖЕТТІ

Ұялы ОЖ-нің жаңа нұсқасы Samsung Members қосымшасын тұтынушыларға бета-нұсқасында қолжетімді.[hi-tech.mail.ru]

Samsung компаниясы Galaxy S10  смартфондарының иелеріне One UI  қабықшасының жаңа нұсқасын Android-ты орнатуға мүмкіндік ашты. Бұл туралы оңтүстік кореялық өндірушінің сайтында жарияланған.

Жаңартулар қай аймақтарда жүзеге асып жатқандығы туралы компанияның хабарламасында нақтыланбаған, дегенмен SamMobile Оңтүстік Корея, Германия және АҚШ-тың тұтынушылары жаңартуды қолдана алады деп жазады. Бета Android 10-ның  орнатылу мүмкіндігін Samsung Members қосымшасы арқылы тексеруге болады.

Samsung өз құрылғылары үшін Android-тың жаңартылуын дәстүрлі түрде кешіктіруде. Өткен жылы Android 9-дың бета-тестіне қарашаның ортасына дейін кіріспеген болатын. Samsung-ке арналған ОЖ-нің жаңа нұсқасына толыққанды релиз 2019 жылдың қаңтар айында болған еді. Осылайша, вендор өз девайстарына Android 10-ды болжаммен желтоқсанда шығаруы мүмкін.