11 February 2026

Ғылымдағы әйелдер мен қыздардың халықаралық күнімен құттықтаймыз!

Құрметті ХАА мүшелері! 

Халықаралық ақпараттандыру академиясы Дирекциясының атынан сіздерді Ғылымдағы әйелдер мен қыздардың халықаралық күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Бұл айтулы күн ғылымды, білім мен инновацияларды дамытудағы әйелдердің айрықша рөлін айқындайды. Сіздердің ғылыми зерттеулерге, кадрлар даярлауға және қоғамның зияткерлік әлеуетін арттыруға қосып жүрген үлестеріңіз зор құрмет пен жоғары бағалауға лайық.

Сіздердің кәсібиліктеріңіз, мақсаткерліктеріңіз және ғылым жолындағы адал еңбектеріңіздің арқасында Академияның беделі нығайып, халықаралық ынтымақтастық көкжиегі кеңеюде.

Сіздерге шабыт, жаңа ғылыми жетістіктер, жобаларды табысты іске асыру, әріптестер қолдауы мен кәсіби биіктерді бағындыруды тілейміз!

 Құрметпен ,
 ХАА Бас директоры 
 А.Ф. Цеховой