Әлем жаңалықтары
Clubhouse ресми түрде Android-та пайда болды
Clubhouse аудио-әлеуметтік желісі Android үшін қосымшаның ресми сынақ нұсқасын шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Android Police сайтына сілтеме жасап. [kaz.tengrinews.kz]
Microsoft 15 жылдан бері өзгермеген стандарт қаріпті алмастырмақ
Америкалық Microsoft компаниясы 2022 жылы кеңсе қосымшалары үшін стандарт қаріпті өзгертуді жоспарлап отырғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі компания сайтына сілтеме жасап.[Tengrinews]
Apple құлаққап өндірісін қысқартады - БАҚ
Apple компаниясы AirPods құлаққаптарының өндірісін қысқартады, бұл сатылымның төмендеуіне байланысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Techbeezer сайтына сілтеме жасап.[kaz.tengrinews.kz]
Адамды робот алмастырған заман туды ма?
Әлемде індеттің таралуына байланысты құлтемірлердің қызметіне жүгіну көбейіп келеді.
Індет жағдайында көптеген сала адамдары арасында вирустың таралуының алдын алу үшін осындай қауіпсіз әдіс-амалды қолдануға ден қойған. Әсіресе қонақ үй, мейрамхана, әуе тасымалдау салалары.[24.kz]
Netflix 2021 жылы Колумбияда кеңсесін ашады
Netflix сервисінің өкілдері биыл Колумбия астанасында жаңа кеңсе ашу туралы шешім қабылдады. «Жаңа маусым. Боготадағы жаңа кеңсе. 2021 жылы тұсаукесер», - делінген компания таратқан видеода. Колумбия президенті Иван Дуке компанияның шешімін құптады. Netflix компаниясы 1997 жылы құрылған. Оның штаб-пәтері Калифорния штатының Лос-Гатос қаласында орналасқан. 2013 жылдан бастап Netflix өз фильмдерін, сериалдарын және телебағдарламаларын түсіреді.[24.kz]
Ғалымдар коронавирусты анықтаудың тағы бір тәсілін тапты
Яғни қауіпті вирустың ағзада бар-жоғын енді арнайы мобильді қосымша арқылы білуге болады, деп хабарлайды «Хабар 24». Ол үшін азаматтар смартфондағы камераға суретке түссе жеткілікті. Кейін қосымша фотодағы адам көздерін сканерден өткізіп, үш минуттың ішінде тестілеу нәтижесін шығарып береді екен. Жоба авторларының айтуынша, диагноздың дәлдігі 95 проценттен асады. Айта кетейік, жаңа қосымша арқылы осы уақытқа дейін 70 мыңдай азамат тестілеуден өткен.[24.kz]
Желіде Clubhouse-тың 1,3 миллион қолданушысының жеке дерегі тарап кетті
1,3 миллион Clubhouse қолданушысының жеке деректері Желіде тарап кетті, - деп хабарлайды Cybernews порталы.
Швейцарияда биткоинмен салық төлеуге болады
Швейцарияның Цуг өңірінің билігі тұрғындарға биткоинмен салық төлеуге рұқсат берді. Былтыр ұқсас бастама елдің тағы бір аймағында қолға алынған. Негізі криптовалютамен айналысатын фирмалардың көбі Швейцарияда бизнес жүргізеді. Өйткені мұнда ол үшін қолайлы жағдай жасалған және қоғамда цифрлық валютаға қатысты оң көзқарас қалыптасқан. Дегенмен ірі банктер әлі күнге дейін криптовалютаға күдікпен қарайды.[24.kz]
Facebook парақшасы бар жарты млрд адамның жеке мәліметтері желіде тарады
Интернетте Facebookтың жарты миллиард қолданушысының жеке мәліметтері табылды. Телефон номерімен қоса қолданушылардың электронды пошта адрестері, туған күні мен туған жері жазылған. Бұл туралы Business Insider хабарлады. Белгілі болғандай, 106 елдегі «Фейсбук» қолданушылары туралы мәліметтер хакерлік форумдардың бірінде ашық күйде сақтаулы тұр екен. Мұны киберқауіпсіздікпен айналысатын Hudson Rock компаниясы анықтады. Аталған мекеменің техникалық директоры Аарон Галдың айтуынша, деректердің жаппай таралуы киберқылмыстың өршуіне әкелуі мүмкін. Өз кезегінде «Фейсбук» өкілдері осы оқиғаға қатысты әзірге ешқандай түсінік бермеді.[24.kz]
Оңтүстік Кореяда жұмысты тек роботтар ғана атқаратын компаниялар көбейіп келеді
Оңтүстік Кореяда жұмысты тек роботтар ғана атқаратын компаниялар көбейіп келеді, деп хабарлайды «Хабар 24».[24.kz]