Қазақстандағы IT
Қазақстанның өнеркәсіптік кәсіпорындарындағы өндірістік процестердің технологиялық аудиті
Tech Garden брендімен әрекет ететін «Инновациялық технологиялар паркі» автономды кластерлік қоры пилоттық технология аудитін жүргізу бойынша үшжақты келісімге қол қойды.
БАҒДАТ МУСИН: ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ЖҮЙЕСІНЕ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТТІ ЕНГІЗУ МӘСЕЛЕСІ ӨЗЕКТІ
ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин және ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Мемлекет басшысының телемедицинаны дамыту, бизнес-процестерді реинжинирингтеу, деректерді жинаудың заманауи технологияларын енгізу, медициналық бейнелерді сақтауды орталықтандыру және жасанды интеллекті енгізу жөніндегі тапсырмаларын іске асыру мәселесін талқылады. Бұл туралы Цифрлық ведомство басшысы Бағдат Мусин өзінің Instagram парақшасында мәлімдеді.[gov.kz]
Қостанай облысының тұрғындары тегін байланыспен қамтамасыз етілді: Цифрлық министрлік
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі отандық байланыс операторларымен бірлесіп, ауқымды орман өрті орын алған Қостанай облысының барша тұрғындары үшін тегін ұялы байланыс қызметтерін қамтамасыз етті. [www.gov.kz]
Tech Orda Бағдарламасы
Қазақстандық жекеменшік IT-мектептер мамандар даярлау үшін ваучерлер алуға өтінім бере алады. Өтінімді https://astanahub.com/l/TechOrda сайты арқылы беруге болады.
Tech Orda бағдарламасы бойынша барлығы 600 мың теңгеге дейін 3 мың ваучер бөлінеді.
Цифрлық даму министрлігі мен Astana Hub жеке-меншік IT-мектептерге мамандар даярлау үшін 3 мыңға дейін ваучер бөледі
1 қыркүйекте қазақстандық мамандарды даярлау үшін жеке меншік IT-мектептерден 3 мың ваучер алу үшін өтінімдерді қабылдау басталады. [www.gov.kz]
Қазақстан мен Әзірбайжан арасында ІТ саласында ынтымақтастық нығаяды
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Әзірбайжан Республикасына жұмыс сапары аясында ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен ӘР Цифрлық даму және көлік министрлігінің арасында ақпараттық-коммуникациялық және жоғары технологиялар саласындағы ынтымақтастық бойынша өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды. [www.gov.kz]
«Қазақтелеком» Қостанай облысының шалғай ауылдарын интернетке қосады
«Қазақтелеком» Қостанай облысы әкімдігімен бірлесіп, өңірдің шалғай ауылдарын «радио көпір» технологиясы бойынша заманауи телекоммуникация қызметтерімен қамтамасыз етпек. [telecom.kz]
Сот кабинетіндегі талаптар мен арыздарға eGov mobile қосымшасы көмегімен қол қоюға болады
EGov mobile мобильдік қосымшасын пайдаланушылар Сот кабинетінде құжаттарға қол қою мүмкіндігіне ие болды. [www.nitec.kz]
АҮНҚА- ға орналастырылған НҚА тізбесі
АҮНҚА- ға орналастырылған НҚА тізбесі [gov.kz]
QazInnovations жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды технологиялық дамытуға конкурс жариялады
«QazInnovations» Инновацияларды дамыту жөніндегі ұлттық агенттігі» АҚ Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің қолдауымен «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» бағыты бойынша жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды технологиялық дамытуға инновациялық гранттарды іріктеу конкурсын жариялайды. [www.gov.kz]