Қазақстандағы IT
2022 жылдың қорытындысы бойынша Цифрлық министрлікте кеңейтілген алқа отырысы өтті
Бүгін 26 қаңтар ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің кеңейтілген алқа отырысы өтті, жиын барысында министрлік жетекшілік ететін бағыттардағы жұмыстың қорытындылары мен басымдықтары талқыланды. [www.gov.kz]
Шетелдік автокөліктерді заңдастыруға арналған сервис eGov.kz порталы мен eGov Mobile мобильді қосымшасында қолжетімді
Жаңа сервис шетелдік нөмірлік белгілері бар көлік құралын заңдастыруға рұқсат алуға мүмкіндік береді. [www.nitec.kz]
ТДМ іске асырудағы университеттердің рөлін арттыру
2023 жылғы 3 ақпанда сағат 15.00-де география және табиғатты пайдалану факультетінің Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасы және әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің тұрақты даму институты «ТДМ іске асырудағы университеттердің рөлін арттыру" тақырыбында халықаралық вебинар өткізеді.
«Қазақтелеком» ұлттың ұлы тұлғаларының бет бейнесін жаңғыртты
«Қазақтелеком» Қазақстанның ұлы тұлғаларын ұлықтап насихаттайтын бірегей жобаны жүзеге асырды. Компания Тulga.me шығармашыл зиялылар қауымдастығымен және суретші Әділжан Мұсамен бірлесіп, өткен ғасырда өмір сүріп, қазақ даласында кәсіпкерліктің көрігін қыздырған 12 белсенді қайраткерді топтастырған күнтізбені дүниеге әкелді. 12 қайраткердің қатарында ағартушы, кәсіпкер, меценат Мұхамедхан Сейтқұлов бейнесі де бар. Ол 1937 жылы «Алаш» қозғалысын қолдағаны үшін, ұлттың жоғын түгендегені үшін айыпталып, ату жазасына кесілген болатын. Осы кезеңде бүкіл құжаттары тәркіленіп, фотосуреттері мен құжаттарының көзі жойылады. Сол кезеңнен бері Мұхамедхан Сейтқұловтың бет-бейнесін ешкім білмеді, тек міне араға 85 жыл салып түрлі ақпараттарға сүйене отырып, оның бейнесін жаңғыртуға мүмкіндік туды.[telecom.kz]
DIGITAL ALMATY AWARDS 2023 сыйлығын алу үшін өтінімдерді жинау басталады
«Digital Almaty: жаңа болмыстағы цифрлық әріптестік» халықаралық технологиялық форумы аясында цифрландыру саласындағы үздік жетістіктері үшін дәстүрлі жыл сайынғы сыйлық табыс етіледі, ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі Министрлігінің хабарлайды.[gov.kz]
Elicense.kz порталы мен «Отбасы банк» АҚ қызметтерін eGov QR арқылы алуға болады
EGov Mobile мобильді қосымшасындағы eGov QR-ді жеке тұлғалар Е-лицензиялау порталында жұмыс істеген кезде пайдалана алады. [www.nitec.kz]
DIGITAL ALMATY AWARDS 2023 сыйлығын алу үшін өтінімдерді жинау басталады
«Digital Almaty: жаңа болмыстағы цифрлық әріптестік» халықаралық технологиялық форумы аясында цифрландыру саласындағы үздік жетістіктері үшін дәстүрлі жыл сайынғы сыйлық табыс етіледі, ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі Министрлігінің хабарлайды. [www.gov.kz]
Алматыда мерейтойлық цифрлық Digital Almaty 2023 форумы өтеді
2023 жылдың 2-3 ақпанында Алматыда V Халықаралық «Digital Almaty 2023: жаңа болмыстағы цифрлық әріптестік» цифрлық форумы өтеді, ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды. [www.gov.kz]
Қазақстанда көппәтерлі үйлердің тұрғындары үшін онлайн-дауыс беру құралдары пайда болады
ТКШ саласы көппәтерлі тұрғын үйлердің кондоминиум объектілерін басқарудың жаңа нысанына көшіру реформасын іске асыруды қажет етеді. [www.gov.kz]
Elicense.kz порталында майнерлер мен кәсіпкерлерге арналған жаңа қызметтер пайда болды
Elicense.kz порталында екі жаңа қызмет автоматтандырылды: цифрлық майнинг қызметі туралы ақпараттандыру және қалдықтарды жинау, сұрыптау және тасымалдау жөніндегі қызметтің басталғаны/тоқтатылғаны туралы хабарлама.