<< Назад
Thursday, 26 September 2013 09:42

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ПАЙДАЛАНУШЫЛАРДЫҢ СМАРТФОНДАРДАРЫ ВИРУСТАРДЫ ЖҰҚТЫРЫП АЛЫПТЫ

Google Android-пен басқарылатын, 200 мыңнан астам ұялы құрылғылар зиянды бағдарламаларды жұқтырып алыпты, деп хабарлайды ixbt.com порталы «Доктор Веб» компаниясына сілтеме бере отырып. [Tengrinews]

Жұқпалы смартфондардың үлкен бөлігі (128 458) ресейлік пайдалнушыларға тиесілі. Ары қарай осы көрсеткіш бойынша  Украина (39 020), Қазақстан (21 555) және Беларусия жайғасты. Мамандардың айтуы бойынша, бұл – Android негізіндегі жұқпалы ұялы құрылғылардың ішінде әлемдегі ең ірі бот-желі.

Зиянды бағдарламаларды тарататын, қаскүнемдерге тиесілі немесе солармен бұзылған интернет-ресурстар жұқтырылған вирустарды таратушының негізгі көзі болып табылады. Алдын-ала бағалаулар бойынша, пайдаланушылар көптеген жүз мыңдаған доллар көлемінде зиян шекті.

Толығырақ: http://tengrinews.kz/gadgets/smartfonyi-kazahstanskih-polzovateley-okazalis-zarajenyi-242210/
Кез келген материалды Tengrinews.kz-ке гиперсілтеме қойылғанда ғана қолдануға болады.