Көрме Алматы қаласы əкімдігінің қолдауымен Мажарстанның Алматыдағы Бас Консулдығымен бірлесе ұйымдастырылып отыр.
Бұл экспозицияда Мажарстан Республик асының Қырғыз Республикасындағы Елшілігі елімізде алғаш рет Алматы музейінде мадьярлардың əйгілі Матьо кесте өнерін таныстыратын ерекше көрмені ұсынады.
Көрмеде кестеленген маталар, киім-кешек пен тұрмыстық бұйымдар, сондай-ақ мадьяр халқының өмірі мен дəстүрін баяндайтын архивтік фотосуреттер ұсынылады. Экспонаттар Мезёкёвешд қаласындағы Матьо музейінен (Мажарстан), сондай-ақ мажарлық жеке коллекционерлерден алынған.
100-ден астам бірегей экспонат Матьо кестесінің ұлттық ерекшеліктерін көрсетіп, Мажарстанның бай мəдени мұрасын таныстырады жəне мадьяр мен қазақ халықтарының арасындағы рухани байланысты айқындай түседі.
Көрме музейаралық ынтымақтастық аясында өткізіліп отыр. Бұған дейін 2024 жылдың 3 қазанынан 20 қарашасына дейін Алматы музейінің қорынан алынған көрме Мажарстанның Карцаг қаласындағы «Карцаг Кинче» өнер музейінде көрсетіліп, шетелдік көрермендерінің үлкен ықыласына ие болған еді.
Көрме 2025 жылдың 16 шілдесіне дейін жалғасады.
Алматы музейі Қабанбай батыр көшесі,132
16 мамыр 2025 жыл
сағат 15:00