01 October 2026

Жоғары білім беру қызметкерлері күнімен

Құрметті ХАА мүшелері!

Сіздерді Жоғары білім беру қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Білім мен ғылымды дамытуға, жас ұрпақтың сапалы білім алуына және қоғамның интеллектуалдық әлеуетін арттыруға қосып жүрген еңбектеріңіз үшін алғысымызды білдіреміз.

Сіздердің кәсіби біліміңіз бен тәжірибелеріңіз, ғылыми ізденістеріңіз бен жаңа идеяларыңыз – білім беру саласының дамуына қосылған маңызды үлес.

Әрқайсыңызға мықты денсаулық, шығармашылық шабыт, ғылыми жетістіктер, кәсіби табыс және жаңа биіктер тілейміз!
Еңбектеріңіз әрдайым лайықты бағаланып, білім мен ғылым жолындағы бастамаларыңыз сәтті болсын!

Ізгі тілекпен,
ХАА Дирекциясы