Бұл мереке – еліміздің бірлігі мен тұрақты дамуының, жарқын болашаққа деген сенімінің айқын көрінісі. Елордамыз ғылымның, білімнің, инновацияның және халықаралық ынтымақтастықтың маңызды орталығы ретінде дарынды азаматтарды біріктіріп, жаңа жетістіктерге жетелейді.
Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, бақ-береке, қажымас қайрат, кәсіби табыс, жаңа ғылыми жетістіктер мен тың бастамалардың сәтті жүзеге асуын тілейміз. Елордамыздың мерейі үстем болып, тәуелсіз Қазақстанның өркендеуі жолындағы игі істеріміз арта берсін!
Құрметпен,
ХАА дирекциясы



