📅 Күні: 2026 жылғы 24 маусым
🕒 Уақыты: 15:00
📍 Өтетін орны: Халықаралық ақпараттандыру академиясы, Алматы қаласы, Абылай хан даңғылы, 79 (Әйтеке би көшесінің қиылысы), 3-қабат, 315-кабинет.
💻 Форматы: гибридті (офлайн және онлайн).
Спикер: Арын Орсариев – саясаттану ғылымдарының докторы, «Технологияларды коммерцияландыру жөніндегі мамандар альянсы» республикалық қоғамдық бірлестігі Басқарма төрағасы.
Кездесу барысында ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландырудың заманауи тәсілдері, Қазақстан мен шетелдің үздік тәжірибелері, сондай-ақ ғылым, бизнес және мемлекет арасындағы өзара іс-қимылдың өзекті мәселелері қарастырылады.
Іс-шараға ғалымдар, зерттеушілер, оқытушылар, студенттер, кәсіпкерлер, мемлекеттік органдардың өкілдері және барлық қызығушылық танытқан азаматтар шақырылады.
Онлайн форматта қатысу үшін алдын ала тіркеуден өту қажет. Zoom платформасына қосылу сілтемесі тіркелген қатысушыларға жіберіледі.
Қатысуларыңызды күтеміз!



