04 March 2026

IV халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы

Сіздерді 2026 жылдың 9–10 сәуір аралығында Алматы қаласындағы Қазақ спорт және туризм академиясының базасында өтетін «Дене шынықтыру, спорт, туризм, білім және ғылымды дамытудың басым ғылыми-педагогикалық бағыттары» атты IV Халықаралық форумға және «Дене шынықтыру, спорт, туризм және білім беру тәжірибесінің өзекті мәселелері» атты IV халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға шақырамыз.

 

Жыл сайын өткізілетін Халықаралық форум — дене мәдениеті, спорт, туризм, білім беру және ғылымның сабақтас салалары бағытында дөңгелек үстелдер мен халықаралық конференция аясында ғылыми және практикалық тәжірибе алмасуға арналған кәсіби алаң. Ісшара ғалымдарды, оқытушыларды, жаттықтырушыларды, білім беру ұйымдарының өкілдерін және бизнес-қоғамдастық өкілдерін біріктіреді.

Форумның мақсаты - кәсіби диалогты қалыптастыруға, ғылыми мектептерді дамытуға және дене шынықтыру, спорт, туризм және білім беру жүйесіне озық тәжірибелерді енгізуге ықпал ету.

 

Форумның іс-шаралары:

  • 09.04.2026 ж. – «БДШ және спортты дамытудың заманауи тәсілдері» тақырыбындағы дөңгелек үстел.
  • 09.04.2026 ж. – «Білім алушылардың дене тәрбиесі жүйесіндегі спорттық ойындар» тақырыбындағы дөңгелек үстел.
  • 09.04.2026 ж. – Ұлттық спорт түрлері бойынша шеберлік сыныптары.
  • 09.04.2026 ж. – Жекпе-жек фестивалі.
  • 10.04.2026 ж. – «Дене шынықтыру, спорт, туризм және білім беру тәжірибесінің өзекті мәселелері» атты IV халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның секциялық және пленарлық отырысы.

 

Конференция жұмысының негізгі бағыттары:

1. Дене шынықтыру, спорт және туризм саласында кадрларды дайындаудың заманауи ғылыми-педагогикалық негіздері, тілдік құзыреттері және технологиялары (еңбек нарығы талаптарын талдау, дуалды оқыту, болашақ мамандардың soft skills қабілеттерін дамыту және т.б.);

2. Инклюзивті дене шынықтыру және бейімдік спорт: қиындықтар, үрдістер және даму бағыттары;

3. Білім беру және жаттығу үдерісін цифрландыру, сондай-ақ спорт индустриясының цифрлық трансформациясы: IT-шешімдерді зерттеу, әзірлеу және енгізу, онлайн платформалар және геймификация технологиялары;

4. Көшпелі халықтардың дәстүрлі ойындары мен спорт түрлері: мәдени мұра, әлеуметтік тұрақтылық және жаһандану жағдайында трансформация;

5. Орта Азияның геоэкономикалық өзгерістері мен аймақтық интеграция контекстінде туризм кадрларын дайындау;

6. Туризмді креативті экономикамен интеграциялау (ивент-индустрия, кинотуризм, digital-контент, фестивальдік туризм).

 

Конференцияға қатысу форматы:

 

  • on-line режимде баяндамамен шығу, мақаланы жариялау;
  • мақаланы жарияламай, баяндамамен шығу, оның ішінде on-line режимде;
  • баяндамасыз, мақаланы жариялау.
  • Регламент: 10 минутқа дейін.
  • Конференция жұмысының тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.

 

Конференцияға қатысуға қойылатын талаптар.

Баяндама өз бетінше жүргізілген зерттеудің негізгі мазмұнын көрсетуі тиіс. Баяндаманың кіріспе бөлімінде зерттеудің мақсаты мен мәселесі ұсынылуы қажет. Негізгі бөлімде зерттеудің теориялық және практикалық тұжырымдары баяндалады. Қорытынды бөлімде зерттеу мақсатына сәйкес қорытынды жасалады. Баяндаманың ұзақтығы – 10 минутқа дейін. Компьютерлік презентация болуы міндетті. Конференция қатысушылары секция, пленарлық отырыс қатысушыларының сұрақтарына жауап береді.

Конференция қорытындысы бойынша ғылыми еңбектер жинағы электрондық форматта дайындалып, кейін Қазақ спорт және туризм академиясының сайтында жарияланады. Ұйымдастыру комитеті мәтіндердің түпнұсқалығы 60%-дан кем болмауы керектігіне назар аударады. Конференцияға ұсынылған материалдар рецензияланбай, авторлық редакцияда басылады. Аталған талаптарға сәйкес келмейтін және плагиатқа тексеруден өтпеген жұмыстар жариялауға қабылданбайды.

 

Конференцияға қатысу үшін 2026 жылдың 27 наурызына дейін төменде көрсетілген құжаттарды жіберу керек:

  • Конференцияға қатысуға арналған өтінім нысанын авторлық ұжымның әрбір мүшесі үшін толтыру;
  • мақала жариялау арқылы қатысатын жағдайда, мақаланы «Мақала мәтінін ресімдеу талаптарына» сәйкес электрондық пошта арқылы ғылыми форум сайтында көрсетілген мекенжайға жіберу. Хат тақырыбы – «Конференция қатысушысы», файл .doc немесе .docx форматында және баяндама жасаушының фамилиясымен аталу керек, мысалы, «Ахметов_мақала».

 

Конференцияға қатысу үшін ұйымдастыру жарнасы – 5000 теңге (немесе Ресей рублі, АҚШ доллары, Еуроға тең).

Конференцияға қатысу ақысы материалдардың қабылданғаны туралы хабарламаны алғаннан кейін төленеді, ұйымдастыру жарнасын төлеу жолдары туралы толық ақпарат беріледі. Төлемді аударғанда «Конференция қатысушысы» деп белгі қою және өзіңіздің толық аты-жөніңізді көрсету қажет.

Жол, тұру және тамақтану шығындары жіберуші тарап есебінен төленеді. Ұйымдастыру комитетінің мекен-жайы: Алматы қ., Абай даңғылы. Сембаева Алия Амантаевна +7701 752 2999 (ватсап), звонок +7700 174 7484 Тукаева Арайлым Бекболатовна +7707 258 4246 Абдымомынов Ғаламат Абетқанұлы + 7775 640 9885 Жидовинова Анна Вячеславовна (мақалаларды қабылдау) +7 777 055 4232 e-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.