Астана қаласында ЭКСПО ғимаратында өткен Жобалық менеджерлер күніне арналған Форумға Халықаралық ақпараттандыру академиясының (ХАА) бас директоры, техника ғылымдарының докторы, профессор Алексей Филиппович қатысты.
Форум барысында ол «Қазақстандағы жобалық басқарудың эволюциясы: интуициядан ұйымдардың дамуын цифрлық басқаруға дейін» атты тақырыпта мазмұнды баяндама жасап, елдегі жобалық басқарудың қалыптасу кезеңдері мен цифрлық трансформация үрдістерін жан-жақты талдады.
Іс-шара қорытындысы бойынша профессор Алексей Филиппович Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Алғыс хатымен марапатталды. Бұл — жобалық менеджмент саласын дамытуға қосқан оның елеулі үлесінің ресми мойындалуы.
Сонымен қатар, Алексей Филиппович Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Қоғамдық кеңесі құрамына енді. Бұл оның жоғары деңгейдегі кәсібилігі мен сараптамалық беделінің дәлелі.
Алексей Филипповичті құттықтаймыз және алдағы жұмыстарына толайым табыс тілейміз!
25 November 2025
Жобалық менеджерлер күніне арналған Форумы
ХАА-ның бас директоры, т.ғ.д., профессор Алексей Филиппович Жобалық менеджерлер күніне арналған Форумға қатысты



