Алаяқтар Академия өкілдерінің есімдерін, логотиптерін және жалған парақшаларды пайдалана отырып, жеке мәліметтер мен ақша қаражатын заңсыз жолмен иемденуге тырысуда.
ЕСТЕ САҚТАҢЫЗ:
- Барлық ресми хабарламалар тек academy.kz ресми сайты және Академияның ресми электрондық пошта мекенжайлары арқылы жолданады.
- Академия ешқашан мессенджерлерде немесе әлеуметтік желілерде жеке мәліметтер мен төлемдерді сұрамайды.
- Күдік тудыратын жағдайларда – сайтта көрсетілген ресми байланыс арналары арқылы бізге тікелей хабарласыңыз.
- Төменде жалған хабарламалардың фотосуреттері мен мысалдары (қосымшада) берілген. Абай болыңыздар!
- Барша Академия мүшелерінен қырағылық танытуды және жеке деректеріңізді үшінші тұлғаларға бермеуді сұраймыз. Егер күмәнді әрекеттерге тап болсаңыз – бізге шұғыл түрде хабарлаңыз.
Құрметпен,
ХАА дирекциясы