Айменов Ж.Т., техника ғылымдарының докторы, профессор, 9 ғылым академиясының мүшесі болып сайланды: Халықаралық экология және табиғатты пайдалану академиясы (1996, Мәскеу), 1999 жылы - Қазақстан Республикасы Жаратылыстану ғылымдары академиясының, Халықаралық психология, кәсіпкерлік және менеджмент академиясының (Санкт-Петербург), Халықаралық педагогикалық ғылымдар академиясының (Мәскеу қ.) мүшесі. 2009 жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының мүшесі, 2013 жылы Халықаралық психология ғылымдары академиясының мүшесі (Мәскеу), ал 2015 жылы Халықаралық ақпараттандыру академиясының (ХАА) мүшесі, 2018 жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының құрметті академигі, 2024 жылы – Ресей сәулет және құрылыс ғылымдары академиясының (РСжҚҒА) академигі.
Өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс және құрылыс материалдары ғылыми саласының қалыптасуы мен дамуына зор үлес қосты. Жамбыл Талхаұлы ғылыми-әдістемелік жұмыстар атқарады. 400-ден астам еңбектің авторы, оның ішінде КСРО Жоғары білім министрлігі (Мәскеу қ.) шығарған 2 оқу құралы, «Ғылым» баспасынан шыққан 2 монография, барлығы 8 монография, 8 оқулық және 20 оқу-әдістемелік құралды жарыққа шығарды. 3 өнертабыс куәлігі және 3 патенті бар. 2015 жылы Ғылыми жаңалықтар мен өнертабыстар авторларының халықаралық қоғамдық академиясының (Мәскеу қ.) шешімімен Айменов Ж.Т. әлемдік ғылыми жаңалықтың авторы деп танылып, No478 жаңалық авторының дипломымен марапатталды.
Жоғарыда айтылғандарға орай конференцияның мақсаты құрылыс, материалтану, механика, экология және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану, жаңартылатын энергия көздері және энергия үнемдеу технологиялары, ІТ-технологиялар, әлеуметтік саладағы, экономикалық даму, инженерлік білім ғылыми зерттеулердің нәтижелерін және университет стратегияларын талқылау болып табылады.
Конференцияға қатысуға жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу институттарының ғалымдары, маңызды ғылыми зерттеулер нәтижелері бар Қазақстан Республикасы мен шет елдердегі өндіріс өкілдері шақырылады.
Конференцияның ғылыми бағыттары:
1-секция: Құрылыс және заманауи құрылыс материалдары
2-секция: Экология және қоршаған ортаны қорғау мәселелері
3-секция: Құрылыстағы цифрландыру және IT-технологиялар
4-секция: Елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы
5-секция: Қазіргі инженерлік білім беру жүйесінің және академиялық стратегияның мәселелері
Конференция онлайн және офлайн форматта өтеді.
Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, ағылшын, орыс.
Конференция жинағына жариялау үшін материалдар тегін қабылданады. Конференция материалдары «Оңтүстік Қазақстан ғылым жаршысы» ғылыми журналының арнайы саны ретінде жарияланады. Осыған байланысты мақалаларды жіберу кезінде осы журналдың Ережелерін сақтауыңызды сұраймыз. (Қосымшаны қараңыз)
Мақалалар 2025 жылдың 15 ақпанына дейін This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. электронды поштасы немесе М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университеті мекенжайы бойынша қабылданады - 160012, Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5, №16 оқу ғимараты, 2 қабат, 206 кабинет. Конференцияны ұйымдастыру комитетінің жауапты хатшысы – PhD докторы, М. Әуезов атындағы ОҚУ Академиялық ғылым департаментінің директоры Ұлжалғас Бақытқызы Назарбек.
Барлық сұрақтар бойынша конференцияны ұйымдастыру комитетіне хабарласыңыз.
Телефондар: +7 778 534 2042, +7 747 848 34 91
e-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.
Zoom Конференция
https://us06web.zoom.us/j/3343340017?pwd=REplQUZ6NWJLZ0hkcU5obEdUQ2ZTZz09&omn=86277863574