Баян Рақышұлы 1973 жылы Алматы қаласын селден құтқару мақсатында Медеу шатқалындағы 1966 жылғы тау қопару жұмыстарына үлесін қосқан тұлға.1967 жылы әйгілі «ДосМұқасан» ансамбілінің құрылуына мұрындық болды. 1986 жылғы желтоқсан көтерілісі кезінде шәкірттерін саяси қудалаудан қорғап қалды. Ғалымның 2014 жылы адамның генетикалық тұрғыдан 120 жыл өмір сүру мүмкіндігі бар екендігін айқындайтын зерттеу еңбегі жарық көрді. 700-ден астам ғылыми және оқу-әдістемелік жұмыстардың, оның ішінде 13 монография, 6 аналитикалық шолу, 13 оқулық пен оқу құралдарының авторы. Техника ғылымдарының 9 докторын, 30 кандидатын және 5 магистрын дайындады.
19 April 2024
ҚР Ұлттық Ғылым Академиясының академигі Баян Рақышев | «Тағдыр жолы»
Бағдарламада қазақтың ғылым білім саласына орасан зор үлес қосқан қазақ ғалымының еңбек жолы, ашқан жаңалықтары, қайраткерлігі, отбасы жайлы айтылады. [www.youtube.com]