ХАА мүшесі болу үшін не істеу керек?

Халықаралық Ақпараттандыру Академиясы (ХАА)

 

келесі секциялар бойынша толық мүшелер (академиктер) және корреспондент мүшелердің бос орнын басу үшін байқау жариялайды*:

 

- Ақпараттық технологиялар мен коммуникациялар (10; 11),

- Экономика, өндіріс, ақпараттық-коммерциялық қызмет (5; 7),

- Экология, медицина (5; 9),

- Жаратылыстану және техниканың ақпараттық-кодтық мәселелері (4; 5),

- Әлемдік қоғамдастықтың ақпараттық-рухани жандануы (5; 9),

- Геоақпараттық технологиялар (3; 5),

- Жүйелік тұжырымдамалар және қосымшалар (4; 8).

 

Байқауға қатысу үшін келесі құжаттарды ұсыну қажет:

 

  1. ХАА Президентіне, Ашимов А.А. өтініш
  2. Сауалнама  
  3. Еңбектердің тізімі;
  4. ЖОО-н бітіргені жайлы дипломдардың, ғылыми дәрежені, ғылыми атақты иеленгендігі жайлы құжаттың көшірмелері;
  5. 3х4 өлшемді екі сурет  
  6. Жеке куәлік көшірмесі (ЖСН болуы қажет);
  7. ХАА мүшелерінің ұсынысы (кемінде 2-еу)

 

Академияның толық мүшерінің бос орындарын иелену байқауына  ғылым докторалары (және PhD докторлар), атақты мемлекеттік және саяси қызметкерлер қатыса алады, ал корреспондент мүшелердің бос орнын иеленуге - ғылым магистрлары мен кандидаттары, сондай-ақ біліктілігі доғары мамандар мен кәсіпкерлер; адъюнкттердің бос орнын басу байқауына – жоғары білімді мамандар: бакалаврлар мен магистранттар.


Байқауға қажет құжаттар келесі мекен-жай бойынша қабылданады: 050013, Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Сәтпаев көшесі, 22а (ҚазҰТУ ғимараты), 202 ГМК, Халықаралық ақпараттандыру академиясы (ХАА) 


Анықтама үшін телефондар: 8 (727) 257 71 61, факс: 8 (727) 292 90 71
E-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it., This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.  
Веб-сайтымыз: http//www.academy.kz

*Жақшадағы: бірінші сан толық мүшелерге бос орындардың саны, ал екінші сан корреспондент мүшелерге бос орындардың саны.