By Шакерим Жаркын Жакияулы on 30.05.2017
Category: Нормативные акты

Өмірбаян

Жарқын Шәкерім 1947 жылы 4 мамыр күнi  Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз қаласында туды.

Жазушы. Деректі проза.

Күйшi – көне үш ішекті қосбұрау домбырада  және  шертерде  орындаушы, зерттеушi, қазақтың дәстүрлi музыкасы жайлы жазушы. Ұлты қазақ.

1964  жылы Үржар ауданы, Таскескен ауылындағы Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектепті бітірді.

1968 жылы Қарағанды қаласындағы музыкалық училищені бітірді.

1973 жылы Алматыдағы Құрманғазы атындағы Мемлекеттiк консерваторияны  бiтiрген. 

1973-1976 жылдары Мәскеудегi Бүкiлодақтық “Мелодия” фирмасының   Алматы күйтабаққа (грампластинка)  жазу студиясында аға редактор,

1976-80 жылдары  “Жалын” баспасында редактор,

1980 жылы Жарқын Шәкерім  “Сазген” фольклорлық-этнографияялық ансамблiн ұйымдастырды.

1980-82 жылдары Қазақ ССР Мәдениет министрі Жексембек Еркімбековтың   1980 жылдың 9 қазан күнгі № 556 бұйрығымен Жарқын Шәкерім жаңадан ашылған Республикалық музыка аспаптары мұражайының директоры болып тағайындалды. Республикалық музыка аспаптары мұражайының iргетасын қаласушылардың бірі және тұңғыш  директоры ретінде ол 1982 жылға дейін қызмет атқарды.

 Жарқын Шәкерім автор ретінде деректі проза жанрында 10 кітап жазып жарыққа шығарды.

“Әмiре”, “Ән жұлдызы” (Звезда песни), “Амре Кашаубаев” (На русском языке), “Малайсары биден Шәмiлге дейiн” (От Малайсары би до Шамиль), “Ән асқары” (Вершина песни), “Нұрғиса Тiлендиев” (Совместно с Даригой Тілендікеліні), “Әмiре Қашаубайұлы”, «Көне дүние күмбірі» - «Мелодии древности», «Амре в Париже», «Нурғиса Тілендиев» (Қытай Халық Республикасында шығарылды).

1982-2010 жылдар аралығында Республикалық телерадиокорпорацичсының (РТРК) «ҚАЗАҚСТАН»  телеарнасында  музыкалық редакторы қызметін атқарды. Жарқын Шәкәрім “Замана бұлбұлдары”, “Домбыра сазы”, “Терме”, “Шашу”, “Музыкалық киножылнама”, “Күй - шежiре”, “Iнжу-маржан”, “Жетiсаз”, “Күй-аманат”, “Сағындырған дауыстар” тәрізді хабарларды жүргізді және телекөрермендерге жүздеген концерттер мен кештер ұйымдастырып телеэкраннан көрсетті.

2004 жылы – “Қазақстан” Республикалық Телерадиокорпорациясы АҚ жобасы бойынша жарыққа шыққан қазақтың 255 күйлерi топтамасынан тұратын “Мәңгiлiк сарын”  деп аталатын Қазақ күйлерi антологиясының жауапты редакторы болды.    

Жарқын  –  халық жадынан ұмытыла бастаған Қазақтың көне музыкалық аспаптарының бiрi - үш iшектi домбыраны және шертерді ХХ ғасырдың 70-шi жылдарынан бергi уақыттарда, қайтадан қалпына келтiрген бiрден-бiр жаңғыртушы,  орындаушы және күйшi.

Жарқын 1970 жылы мәдени делегация құрамынды Үндi  (Индия) елiнде болды.

1972 жылы мәдени делегация құрамында  Польшада, Югославияда болды.

1985 жылы Ресейде өткен Бүкiлдүниежүзiлiк жастар мен студенттер фестивалiне делегат болып қатысты.

     Жарқын Шәкерімнің Қазақ музыка өнеріне қосқан көп жылдар бойғы еңбегі бағаланып Елбасымыз, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Жарқын Жақияұлы Шәкерімді Қазақстанның Еңбек сіңрген қайраткері құрметті атағымен және «Құрмет» орденімен марапаттады.  Жарқын Шәкерім Қазақстан Жазушылары одағының мүшесі. Туып өскен жері Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданының құрметті азаматы.

2010 жылдан бері Құрметті зейнеткер.

Бұгіндері ол Республикамыздың музыка мәдениетінің дамуына, насихаттау жұмыстрына ат салысып жүр.    

 

Жарқын Шәкерiмнiң өмiрi мен шығармашылығы туралы толық мәлiмет 2007 жылы жарыққа шыққан “Қазақстан  Ұлттық  Энциклопедиясында”  жазылған. (9 том, 473 бет)