Өмірбаян

2000 жылы «Электр станцияларының жылу-энергетикалық қондырғылары» мамандығы бойынша Алматы энергетика және электронды Аспап жасау колледжін, 2003 жылы «Технологиялық процестерді автоматтандыру» мамандығы бойынша Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін (ҚазҰТУ) үздік аяқтадым. 2009 жылы Алматы Менеджмент университетінде «Менеджмент» мамандығы бойынша магистратураны, «Master of Busines Administration» дәрежесі берілуімен және Мәскеу қаласындағы РФ Үкіметі жанындағы Халық Шаруашылығы Академиясын «Ақпараттық менеджмент (CIO)» бағдарламасы бойынша тәмамдадым.

Еңбек жолымды 1999 жылы «Югспецсельмонтаж» АҚ бастадым, одан әрі «AYAT» ЖШС БӨАжА технигі болып жұмыс істедім. ҚазҰТУ-да оқуымды аяқтағаннан кейін еңбек жолымды ТПБАЖ жобалаушы және бағдарламашы инженер болып жалғастырдым. 2010 жылдан бастап 2014 жылға дейінгі кезеңде Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің ведомстволық бағынысты ұйымдарында ғылыми-техникалық қызметпен айналыстым, «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» АҚ-да ғылыми-техникалық жасақтаманы басқардым және «Қазақ Су Арнасы Жобасы» АҚ-да ғылыми-зерттеу зертханасының меңгерушісі болдым. 2005 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін «Invent Technology» ЖШС-де жұмыс істеймін, 2015 жылдан бастап осы ұйымның техникалық және инновациялық қызметін басқарумен айналысамын.

Еңбек қызметі кезеңінде автоматтандыру және басқару жүйелерін құру бойынша түрлі жобалар іске асырылды, 80 МВт-тан астам қазандық қондырғылары, 1 ЖЭО, 70-тен астам сорғы станциялары, 50-ден астам электрмен жабдықтау жүйелері, 2 мұнай құбыры, 1 мұнай өңдеу зауыты, 1 мұнай базасы, 1 ҚР Ұлттық банкі, 1 ТКК, 1 ТКМК, 10-нан астам қалалық су арналары, 20-дан астам әкімшілік және сауда ғимараттары, 6-дан астам деректерді өңдеу орталығы, 1 Амфитеатр және басқа да жобалар. Мемлекеттік нормативтік-техникалық құжаттарды, қаржы-экономикалық негіздемелерді, заңға тәуелді актілерді, ҚР энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру бойынша кешенді мемлекеттік жоспарды әзірлеуге қатыстым, ҚР заңнамасын жетілдіру бойынша жұмыс топтарында, оның ішінде жылумен жабдықтау, сумен жабдықтау, газбен жабдықтау, энергия үнемдеу бөлігінде болдым, «Қазақ Су Арнасы Жобасы» АҚ базасында Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің ғылыми-техникалық кеңесінің мүшесі болдым.

«Елдің зияткерлік әлеуеті» бағыты бойынша ұлттық ғылыми кеңес мақұлдаған, мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптамадан және ҚР Үкіметі жанындағы Жоғары ғылыми-техникалық комиссиядан (ЖҒТК) табысты өткен коммуналдық шаруашылықта кешенді ғылыми-техникалық бағдарламасыының құрылуына және іске асырылуына жетекшілік еттім. 029 «Сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің инвестицияларын негіздеу» республикалық бюджеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін автоматтандыру үшін бірыңғай тәсілді жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігімен практикалық қолдану үшін келісілген «Сумен жабдықтау және су бұруды басқарудың автоматтандырылған жүйелерін құру жөніндегі техникалық тұжырымдама» әдістемелік ұсынымдарының авторымын. Бұл құжат жобалау алдындағы кезеңде қажетті қаржыландыруды көздеуге және бүгінде практикада іске асырылып жатқан Қазақстан Республикасындағы су шаруашылығы ұйымдарын кешенді автоматтандыру жөніндегі негізгі техникалық шешімдерді қалыптастыруға мүмкіндік берді.

2016-2017 жылдары Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттігі» АҚ қаржыландыратын технологияларды коммерцияландыруға арналған екі инновациялық грантты іске асырдым.

2010-2017 жылдары Энергия үнемдеу жобаларының республикалық байқауының «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын кешенді дамыту» номинациясының, «TechGardenFest 2015» инновациялық технологиялық фестиваліне қатыса отырып, «Ақылды индустрия және инфрақұрылым» номинациясының және РФ, «Сколково» қорының «Open Innovations Startup Tour 2017» байқауында және «Ақпараттық технологиялар» номинациясының жеңімпазы атандым.

 «Қазақ Су Арнасы Жобасы» АҚ және Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінен алынған алғыс грамоталары бар.

20 – дан астам ғылыми еңбектің авторымын, ЭЕМ – ге арналған 4 бағдарлама, әлеуметтік зерттеу – 1 дана, пайдалы модельге патент - 1 дана, авторлық құқық туралы куәлік - 8 дана.

 

×
Stay Informed

When you subscribe to the blog, we will send you an e-mail when there are new updates on the site so you wouldn't miss them.

Қысқаша өмірбаян
Autobiography