Вторник, 15 Январь 2019 18:02

Қазақстан мобильді интернеті ең арзан елдердің бестігіне енді

Content Review ақпараттық-талдау агенттігі әлемнің 50 елінде мобильді интернет қызметінің тарифтеріне жүргізген зерттеу нәтиижелерін жариялады. Зерттеу барысында 136 байланыс операторларының ұсыныстары талданып, ресей рубліне шаққандағы бір гигабайттың құны есептелді. Ең арзан мобильді интернет Румынияда болып шықты. Қазақстан алғашқы ондық құрамына еніп, Польша мен Индиядан кейінгі 4-орынға табан тіреді деп хабарлайды [Zakon.kz].

Гигабайт құнын есептеу үшін 4 гигабайттан жоғары трафигі бар тарифтер мен опциялар алынды. Әрбір елден төрт ірі операторлардың тарифтері қарастырылды және қорытынды есептеулерде РФ ОБ-ның 2018 жылдың 22 желтоқсанындағы бағамы бойынша алынған рубльге шаққандағы гигбайт құнынының орташа мәні қолданылды.

Шектеусіз тарифтер көп елдерде кездеспейді, «шектеусіздік» максималды жылдамдықта қолжетімді трафик көлемі, сондай-ақ қолжетімділік жылдамдығы бойынша да шектеледі.