Қазақстандағы IT

«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ ҚР Ұлттық Қауіпсіздік комитетінде, компанияның базасында жедел ақпараттық қауіпсіздік орталығын құруға мүмкінді беретін № 072 мемлекеттік лицензиясын алғандығын мәлімдеді. [Profit]

Ғылыми-техникалық прогресс Қазақстанның еңбек нарығын өзгертуде. Бұл туралы «Ауыспалы экономика жағдайындағы еңбектің және еңбек қатынастарының трансформациясы» атты баяндамасында Еуропа қайта құру және даму банкі экономисті Франческа Далла Поцца мәлімдеді деп хабарлайды [Kazpravda.kz].

Интернет желісінің қазақстандық сегментін «WebTotem» жүйесі арқылы мониторингілеу нәтижесінде 2018 жылы ҚР ҚАӨМ Ақпараттық қауіпсіздік комитеті (АҚК) мамандарымен ресурстың бас парағын ауыстыру (дефейс), сондай-ақ криптовалютаны (майнер) өндіру фактілері орын алған 92 веб-сайт анықталды. [Profit]

Жыл соңына дейін Қазақстанда мемлекеттік органдардың бірыңғай интернет-порталы - Gov.kz іске қсоылмақ. Бұл туралы Ақапарат және коммуникация министрі Даурен Абаев мәлімдеді. Енгізілетін жаңалық туралы ол кеңейтілген алқа кезінде хабарлады. Жаңа бірыңғай портал мемлекеттік органдардың, соның ішінде жергілікті әкімшіліктердің барлық интернет-порталдарының орнын басатын болады, деп хабарлайды Sputnik.[Profit]

Мобильді телефондардың тіркелімі ұрланған ұялы телефондарды іздестіру жұмыстарына қалай ықпал еткендігін Астана қаласының полиция департаментінде айтып берді. Сынақ кезінде техникалық келеңсіздіктердің орын алғандығы белгілі болды, - деп хабарлайды Sputnik.[Profit]

 

Қазақстандағы Франция елшісі Филипп Мартине «Жаһандану заманындағы сандық міндет 2.0: Еуразиялық инновациялық экожүйе» атты форумда елде инновациялық экожүйені дамытудың маңыздылығын түсіндіріп берді деп хабарлайды [Sputnk].

 

Қаулыда оператор тек контент «жеткізушісі» ғана болғандықтан, телеарнадан келіп түсетін ақпаратты тексеруге міндетті емес делінген. [Profit]

Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасының мәлімдеуінше, 2019 жылдың соңына дейін ITS жүйесіне 31 бағдаршамдық объектілер қосылады, 48 ақпараттандыру таблосы, 130 радиолокациялық детекторлар орнатылады деп хабарлайды елорда әкімшілігінің ресми сайты. [Profit]

Content Review ақпараттық-талдау агенттігі әлемнің 50 елінде мобильді интернет қызметінің тарифтеріне жүргізген зерттеу нәтиижелерін жариялады. Зерттеу барысында 136 байланыс операторларының ұсыныстары талданып, ресей рубліне шаққандағы бір гигабайттың құны есептелді. Ең арзан мобильді интернет Румынияда болып шықты. Қазақстан алғашқы ондық құрамына еніп, Польша мен Индиядан кейінгі 4-орынға табан тіреді деп хабарлайды [Zakon.kz].

Қазақстанда 2019 жылдың басынан бастап барлық мобильді құрылғылар автоматты түрде өздерінде орнатылған сим-карталарға бектітілетін болады. Осыған орай Ақапарат және коммникация министрлігі алдағы кезеңде байланысты жаппай түрде сөндірудің күтілмейтіндігін мәлімдеді - деп  хабарлайды Sputnik.[Profit]

Страница 1 из 55