Суббота, 28 Июль 2018 09:34

Астанада денсаулық сақтау ақпараттық жүйелерінің бірыңғай платформасы таныстырылды

Астанада денсаулық сақтау ақпараттық жүйелерінің интероперабелділігі платформасының ұлттық жобасы таныстырылды, оның компоненттерінің бірі болып электронды денсаулық төлқұжаты болып табылады. Денсаулық сақтау вице-министрі Олжас Әбішев атап өткендей, Бүкіләлемдік банк қолдауымен енгізіліп отырған денсаулық сақтау ақпараттық жүйелерінің интероперабелділігі платформасының негізгі міндеті бірыңғай ақпараттық өрісті құру болып табылады, онда емделуші жайлы барлық жүйелерден алынған мәліметтер жинақталатын болады, — деп хабарлайды [Kursiv.kz].

«Олар жеке сәйкестендіру нөміріне байланыстырылады. Бұл емделушінің амбулаторлық жазбаларды өзімен бірге алып жүрмей-ақ, емханаға немесе ауруханаға жүгінуіне мүмкіндік береді. Оны медициналық статусы бойынша байлық ақпарат электронды форматта, ЖСН бойынша берілетін болады. Қазір адамдар өздерімен өте көп карта алып жүреді, ал кейбір жазбалар уақыт өте келе көрінбей немесе жоғалып қалуы мүмкін. Аатлған жүйені енгізе отырып, осының барлығы электронды форматта болады», — деп түсіндірді спикер.

Оның айтуынша, электронды денсаулық сақтау төлқұжаты аталған жүйенің компоненті болып табылады. Мұнда бірнеше қолжетімділік түрі бар: егер емделушілерге денсаулық төлқұжатына қолжетімділік болса, ал дәрігерлерге — талдамаларға, статистикаға қолжетімділік болады. Электронды денсаулық төлқұжатында 2008 жылдан бастап, ауру тарихын, кім, қашан, қалай емдегені, қандай препараттар тағайындағаны, екпе жоспары, аурухана түскені, жақсарғаны немесе нашарлағаны жайлы мәліметтерді көруге болады. 

«Бізде дәрігерлерді, тұрғындарды жаңа жүйенің барлық функционалын қолдана алуы үшін бірнеше кезеңдік оқытуды жоспарлап отырған жергілікті орындаушы органдармен бірге өткізілетін шаралар жоспары бар. Біз қыркүйектің соңында оны тәжірибелік қолданысқа енгізуді жоспарлап отырмыз» — деп түйіндеді спикер.