Вторник, 20 Декабрь 2016 18:54

Қазақстандық бағдарламашылар әлемдегі елдер туралы халықаралық ойынды құрастырды

Қазақстандық бағдарламашылар «Ақылды ел» мобильді қосымшасын ойлап тапты, деп хабарлайды Kazpravda.kz primeminister.kz сайтына сілтеме бере отырып.[Казахстанская правда]

Бұл ойынға кез келген жастағы адамдар ойнай алады. Қосымша әлемнің кез келген нүктесіндегі адаммен ойнауға мүмкіндік береді: қарсылас кездейсоқ таңдалады.

Құрастырушылардың біреуі Талгат Тайымов мәлімдегендей, ұялы қосымша басқа елдер туралы көптеген қызық мәліметтерді білуге және Қазақстан жайлы көптеген деректерді айтуға мүмкіндік береді.

Өз жобасының құрылу себебі туралы Тайымов: "Осы қосымшаны жасау Қазақстанды әлемде белгілі және танымал жасау, өзге елдердегі адамдарды біздің елімізбен, тарихымызбен, мәдениемізбен, керемет табиғатымызбен және көрікті жерлермен таныстыру ниетінен пайда болды", – деп түсініктеме берді.

Ойында әр жеңген ойыншы ұпай жинап, әлемдік зияткерлік алаңда өз елінің рейтингісін көтереді. Викторина үш турмен өтеді.