Пятница, 25 Ноябрь 2016 19:59

2017 жылы қазақ тіліндегі онлайн-университет да болады

Қазақ тілінде оқытатын алғашқы отандық онлайн-университет 2017 жылы пайда болады, деп хабарлады 24.kz [Tengrinews.kz].

Бұл туралы Алматыда WikiBilim  қоғамдық қорында мәлімдеді. Жобаны фонд Гарвард университетінің платформасында әзірлепті. Онлайн-университет контенті қазақстандық профессорлардің видеолекцияларымен толтырылған сайт түрінде. Бұл курстар – жоолардың оқу бағдарламаларының бөлігі. Онлайн-университеттің бас артықшылығы кез келген пайдаланушы лекциялар курсын тегін тыңдай алатындығында.

"Wikibilim" ҚҚ Президенті Нурбек Матжани: "Біздің сайттағы бірінші видеолекциялар телебайланыс, бизнес және ақпараттық технологиялар салаларын қамтиды. Бұл курстар қазір ең көп сұранысқа ие. Кейіннен видеолекциялар саласы кеңейе түседі".