Воскресенье, 29 Май 2016 13:59

Ресейде Windows 10 жүйесінде жаңа өнім пайда болды

Дағдарысқа қарсы гаджеттер туралы не білесіз? Microsoft компаниясы Ресейде бағасымен таң қалдыратын жаңа өнімнің пайда болғандығы туралы жариялады.[hi-tech.mail.ru]

 

Өндірушісі — Prestigio, атауы — Visconte M, бағасы 79 990 рубль. Йә, бұл рас, осынша бағаға планшет Microsoft ресми интернет дүкенінде сатылымда тұр. Оған жинақтама ретінде пернетақта-мұқаба және Active Pen стилусы қосылған. Бұл аксессуарлардың көмегімен құрылғы Windows 10 операциялық жүйесіндегі толық жұмыс істеуші құралға, яғни ноутбукке айналады.

Сипаттамалары:

  • Дисплейі: 11,6 дюйм, Full HD рұқсатымен, IPS, стилусты қолдайды;
  • Процессоры: Intel Core M-5Y10c — 2 ядролық, 2 ГГц жиілігінде, Intel HD 5300;
  • Жады: оперативтік 4 ГБ LPDDR3 және 128 ГБ SSD, microSD-карталарын қолдайды;
  • Аккумуляторы: 6600 мАч;
  • Байланыс: LTE, Wi-Fi a/b/g/n/ac, Bluetooth 4.0;
  • ОЖ: Windows 10;
  • Камера: негізгісі 5-мегаписель, алдыңғысы 2-мегапиксель;
  • Габариттері: 263,3х189,75х11,4 мм, 850 грамм.