Қазақстан Президенті кеңеске дейін «Smart Data Ukimet» жобасы аясында Білім және ғылым, Денсаулық сақтау, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, Қаржы министрліктері мен «Ұлттық ақпараттық технология» акционерлік қоғамы атқарған жұмыстарының нәтижесімен танысты. Сонымен қатар Мемлекет басшысына «Smart Bridge» және Интернет ресурстардың бірыңғай платформасы жайында мәлімет берілді.[akorda.kz]
Қазнет кеңістігіндегі Драма театры кімге қауіп төндіреді?
"Мемлекеттік техникалық қызмет" АҚ KZ-CERT Компьютерлік инциденттерге әрекет ету қызметінің атына ҚР алты қаласында қойылымдарға билеттер сату туралы ақпарат жарияланған Dramtheatrkz.ru атымен тіркелген фишингтік интернет-ресурс туралы өтініш келіп түсті. Бұл фишингтік ресурсты алаяқтар Драма театрының ресми сайты ретінде ұсынып, интернет-жарнаманы пайдалана отырып, интернет желісінің қазақстандық сегментінде таратқан. [Profit]
Жоғалған балаларды іздеуге арнайы қосымша көмектеседі
"Мені тап" балалар қауіпсіздігі жүйесі Мемлекет басшысына таныстырылды. [Profit]
Ауыржүктасығыш көліктер Қазақстаннан Қытайға электронды кезек бойынша өтетін болады
20 шілдеден бастап Қытай Синьцзян-Ұйғыр автономиялық ауданында коронавирустың өршуіне байланысты Қазақстан тарапынан көлік қабылдауды күніне он бірлікке дейін қысқартты. Нәтижесінде ауыржүктасығыш көліктердің үлкен кезектері пайда болды. Бұл мәселені шешу үшін ҚР Мемлекеттік органдары мен ШҰАА Халық үкіметі 30 Шілдеде келіссөздер жүргізді. Шекарада кезекті реттеу үшін жұмыс тобы құрылды. Бұл топқа мемлекеттік кірістер органдарының, шекара қызметінің және Алматы облысы әкімдігінің өкілдері кірді, деп хабарлайды [Sputnik].
Мобильді банкті орнату неліктен қауіпті
Тіпті ең ыңғайлы сервистер қолданушылар үшін өте қауіпті болуы мүмкін.[hi-tech.mail.ru]
Депутаттар ауылдағы цифрлық технологияларды дамытуды заңнамалық тұрғыдан қолдайды
29 Мамырда Палата Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен Мәжіліс Бюросы өтіп,онда депутаттардың алдағы жалпы отырысының күн тәртібінің жобасы қалыптастырылды. Мәжілісмендерге депутаттардың өздері әзірлеген заң жобаларының үлкен пакетін талқылау ұсынылады. Бірінші оқылымда палата ауылдық елді мекендерде Интернетке қолжетімділікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша депутаттық түзетулерді қарайды, деп хабарлайды [Zakon.kz].
Қазақстанда спорттық сандық платформа пайда болады
Ол негізгі құжаттарды, спорт-күнтізбелерді, құрама командалардың құрамдары туралы ақпаратты біріктіреді.[Profit]
Аида Балаева ақпарат және қоғамдық даму министрлігін басшылығына тағайындалды
ҚР Президентінің Жарлығымен Аида Балаева Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрі болып тағайындалды. Жаңа тағайындалуына байланысты ол Президенттің көмекшісі — ПӘ өтініштерін қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі қызметінен босатылды. Бұл қызметті 2019 жылдың шілдесінен бастап атқарды. [Profit]
Қазақстанда банк қызметтерін алу үшін биометриялық сәйкестендіруді іске қосты
Биометриялық тәсілмен қашықтықтан сәйкестендіруді жүргізу үшін Ұлттық банктің еншілес ұйымы — Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы (ҚБЕО) пилоттық режимде (2020 жылдың 1 қыркүйегіне дейін) сәйкестендіру деректерімен алмасу орталығының сервисі енгізілді, деп хабарлайды [Kazpravda.kz].
Қазақстан Президенті Асқар Жұмағалиевті қабылдады
Ақорда баспасөз қызметінің хабарлауынша, кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаевқа мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру, телекоммуникациялық инфрақұрылымды, инновациялық экожүйені және адами капиталды дамыту, экономика салаларын цифрландыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндалды.[gov/kz]