Астанада «Үлкен деректер аналитикасының негізінде мекеемелердің сандық трансформациясы» тақырыбындағы семинар өтіп жатыр. Іс-шараны EMC халықаралық корпорациясының R&D лабороториясы (Санкт-Петербург қ.) қолдауымен «Ұлттық ақпаратттық технологиялар» АҚ өткізіп жатыр, деп хабарлады «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ [Казахстан 2050].

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры қызмет көрсету сапасын жақсарта түсуде. Қор  салымшылар мен зейнетақы алушылар үшін байланыс орталығына қоңырау шалуға арналған 1418  қысқа нөмірін іске қосты, деп хабарлайды [BNews.kz].

Өскемен қаласының тұрғыны Рафаэль Бекшентаев Қазақстанда оқығысы келетін шетелдіктер туралы сайтты құрастырды. Осындай сервисті ашу идеясы Кафаэль Бекшентаевқа шетелде оқыған кезінде келіпті [YK-news.kz].

2020 жылға қарай интернетке оқушылардың 99 пайызы мен студенттердің 100 пайызы қол жеткізеді, биыл 2 мың мектеп оқушысы қосылатын болады, деді Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев [Казахстан 2050].

Қазіргі кезде жеңілдікті және оқушыларға арналған көлік карталары тегін таратылып жатыр. 30 шілдеде Astra Plat электронды жүйесін іске қосу жоспарланған, деп хабарлады қала әкімдігінің ресми сайты [Қазақстан 2050].

Қазіргі кезде жеңілдікті және оқушыларға арналған көлік карталары тегін таратылып жатыр. 30 шілдеде Astra Plat электронды жүйесін іске қосу жоспарланған, деп хабарлады қала әкімдігінің ресми сайты.[Қазақстан 2050]

 

Қазақстанда бірнеше жыл бойы электронды сақтандыру полистары жайлы сұрақ алға қойылып отыр. Сақтандыру шартында клиенттің қолының міндетті түрде болуы онлайн-сақтандыруды ұстап тұратын фактор болып табылады.[Profit]

Қазақстандық кеден толығымен электронды декларациялауға көшуге ниетті. Бұл туралы жұма күні Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік табыс комитеті Төрағасының орынбасары Госман Амрин Бакуде өткен түріктілді мемлекеттер серіктестігі кеңесінің кеден қызметі басшыларының V отырысында хабарлады [BNews.kz].

Қазақстанда балалар әлеуметтік желілерге басқа елдегі қатарластарынан көбірек кіреді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Касперский зертханасына" сілтеме жасап.

Қазақстан Республикасы президентінің мұрағаты электронды мұрағат құруда технологияларды қарқынды енгізу бойынша жұмыс жасауда. Қазіргі уақытта 2 жылда 160 мың құжаттамадан 30 мың құжаттама, 2 млнға жуық бет сандық форматқа ауыстырылды [BNews.kz].

Страница 6 из 15