Среда, 17 Февраль 2021 18:18

2020 жылы Қазақстан Республикасында 24 мың ақпараттық қауіпсіздік инциденті пысықталды

Алматыда "Digital Almaty 2021 — цифрлық қайта жүктеу: жаңа болмысқа серпіліс" халықаралық форумы өтті. Форум шеңберінде "Пандемия кезеңіндегі ақпараттық қауіпсіздікке сын-қатерлер" панельдік сессиясы ұйымдастырылды, онда "Мемлекеттік техникалық қызмет" АҚ Ақпараттық қауіпсіздікті ұлттық үйлестіру орталығы (АҚҰҮО) директорының орынбасары Александр Косенков спикер болып сөз сөйледі. [Profit]

"Мемлекеттік техникалық қызмет" АҚ өкілі өз сөзінде 2020 жылғы келесі статистикалық мәліметтермен бөлісті. Өткен жылы ақпараттық қауіпсіздіктің 24 053 инциденті тіркелді және пысықталды, фишингтік интернет-ресурстар санының 58%-ға, қазақстандық сервистерге қатысты DdoS-шабуылдар 44%-ға өсуі байқалды. Осалдықтарды негізінен мемлекеттік және квазимемлекеттік секторларда, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілерінде пайдалануға 1 674 әрекет жасалды.