SIM-карталар көмегімен тұлғаны тексеруді қамтамасыз ететін мобильді сәйкестендіргіштердің ерекше қызметтерін қолдану 2024 жылға қарай мобильді байланыс операторларына 20 млрд доллардан аса табыс әкеледі.  Бұл 2019 жылдан күтілетін 859 млн доллардан әлдеқайда көп, яғни өсу 800%-ды құрайды. [Profit]

Елорда тұрғындары iQala астана орталығында коммуналды қызметтерге қосыла алатын болады. Тұрғындардың электр-, су және жылумен қамту құжаттарын, сондай-ақ қоқыс шығару және лифт қызметі үшін құжаттарды рәсімдеу мүмкіндіктері бар. Жалпы саны 20 қызмет электронды түрде қолжетімді, тек ЭЦҚ болса болғаны деп хабарлайды [Kazpravda.kz].

 

Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ерлан Аукенов Қоғамдық кеңес отырысында мегаполисте  бағдаршамдарды ұлғайту және ЖКО санын азайтуға мүмкіндік беретін ақылды бағдаршамдар жүйесі жөніндегі жоспарлары жайлы айтып берді.[Profit]

ҚР мемлекттік электронды ақпараттық ресурстары, ақпараттық жүйелері мен ақпараттық коммуникациялық инфрақұрылымдарын ішкі және сыртқы қауіп-қатерден талап етілетін деңгейде қорғау мақсатында мемлекеттік органдар мен ұйымдардың кәсіби мамандарынан тұратын Ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі консультациялық координациялық кеңес құрылды. Бұл туралы KZ-CERT.[Profit] хабарлады.

Ақылды зауытардың әлемдік нарығы 2019 жылы 153,7 млрд долларды, ал 2024 жылы 244,8 млрд долларды құрамақ. MarketsandMarkets талдаушыларының есебі бойынша, орташа алғанда, аталған мерзімде нарық жылына 9,76%-ға артпақ. Нарықтың дамуын ынталандыратын факторлардық қатарына өндірістік роботтарды енгізу, заттар интернетінің дамуы, автоматтандыруға арналған интеллектуалды шешімдерге деген сұраныстың артуы және нормативті талаптарды сақтауға деген екпіннің артуы кіреді, деп хабарлайды Iot.ru.[Profit]

IDC EMEA Quarterly Server Tracker зерттеулерінің нәтижесі бойынша, 2018 жылдың төртінші тоқсанында ресей нарығына жалпы сомасы 320,91 млн доллар теңгені құрайтын түрлі типті 38 651 сервер жеткізілген. Өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда жеткізілген серверлердің саны 1,5%-ға өсті, жеткізілім көлемі ақшалай түрде 24,3%-ға ұлғайды. [Profit]

Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасының мәлімдеуінше, 2019 жылдың соңына дейін ITS жүйесіне 31 бағдаршамдық объектілер қосылады, 48 ақпараттандыру таблосы, 130 радиолокациялық детекторлар орнатылады деп хабарлайды елорда әкімшілігінің ресми сайты. [Profit]

Content Review ақпараттық-талдау агенттігі әлемнің 50 елінде мобильді интернет қызметінің тарифтеріне жүргізген зерттеу нәтиижелерін жариялады. Зерттеу барысында 136 байланыс операторларының ұсыныстары талданып, ресей рубліне шаққандағы бір гигабайттың құны есептелді. Ең арзан мобильді интернет Румынияда болып шықты. Қазақстан алғашқы ондық құрамына еніп, Польша мен Индиядан кейінгі 4-орынға табан тіреді деп хабарлайды [Zakon.kz].

Қазақстанда құқық қорғау органдарын құқық бұзушылық туралы хабардар ету үшін мобильдік қосымшалар әзірленеді. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов құқық қорғау жүйесін жаңғырту туралы парламенттік тыңдаулар барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Kazpravda.kz.

Астанада денсаулық сақтау ақпараттық жүйелерінің интероперабелділігі платформасының ұлттық жобасы таныстырылды, оның компоненттерінің бірі болып электронды денсаулық төлқұжаты болып табылады. Денсаулық сақтау вице-министрі Олжас Әбішев атап өткендей, Бүкіләлемдік банк қолдауымен енгізіліп отырған денсаулық сақтау ақпараттық жүйелерінің интероперабелділігі платформасының негізгі міндеті бірыңғай ақпараттық өрісті құру болып табылады, онда емделуші жайлы барлық жүйелерден алынған мәліметтер жинақталатын болады, — деп хабарлайды [Kursiv.kz].

Page 1 of 12