Түйіндеме

Еркінбекова Мейірімгүл Анарбекқызы 1978 жылы туған, ұлты- қазақ, білімі-жоғары.

 

1995-1997 жылдары аралығында Жамбыл облысы Тараз қаласындағы Абай атындағы гуманитарлық колледжінде оқып, «үздік» дипломмен бітірген. 1997-1999 жылдар аралығында М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің «педагогика және психология» мамандығы бойынша білім алып, оқу орнын қызыл дипломмен аяқтаған.

Еркінбекова Мейірімгүл өзінің кәсіби қызметін 1999 жылы Тараз қаласындағы Ө.Жолдасбеков атындағы қазақ орта мектебінде психолог болып бастаған. 2005-2010 жылдар аралағында Жамбыл облыстық педагог кадрлардың білімін жетілдіру және қайта даярлау институтында Психология және педагогика кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарған.

2010-2011 жылдар аралығында Республикалық басшы және ғылыми педагогикалық кадрлар біліктілігін арттыру және қайта даярлау институтының Тұлғаны әлеуметтендіру кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарған. 2011 жылдың қыркүйек айынан бастап Қайнар университеті, Психология факультетінің деканы болып орналасқан. 2012 жылы Қайнар Университетінің Ақпараттық және білім беру орталығының директоры болып тағайындалды, 2013 жылдан бастап Қайнар колледжінің директоры қызметіне тағайындалды.

Еркінбекова Мейірімгүл 2010 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Д14 А.02.32 Диссертациялық кеңесінде 19.00.01– жалпы психология, жеке адам психологиясы, психология тарихы, этнопсихология мамандығы бойынша «Біліктілікті арттыру жүйесіндегі этностық қарым-қатынастың психологиялық маңыздылығы» атты кандидаттық диссертациясын қорғаған. Ғылыми жетекшілері – психология ғылымдарының докторы, профессор С.М. Жақыпов және психология ғылымдарының кандидаты, доцент Н.Қ. Тоқсанбаева. Ғылыми зерттеуден алынған қорытынды нәтижелері «Ұлт тағылымы», «Ізденіс», «ҚазҰУ» университетінің хабаршысы, және басқа да халықаралық және республикалық конференциялардың ғылыми жинақтарында жарық көрген.

Ғылыми-педагогикалық стажы – 16 жыл, жариялаған еңбектерінің саны – 50-ден астам, 3 оқу-әдістемелік және оқу құралы жарық көрген. Жамбыл облысы, Т.Рысқұлов ауданы Білім бөлімінің жанынан «Мейірім» психологиялық тренинг орталығына ғылыми жетекшілік атқарып келеді.

Қазіргі таңда Қайнар Университетінің Педагогика және әлеуметтік ғылымдар кафедрасында магистрлер мен студенттерге өз білім-тәжірибесімен бөлісіп келеді. М.Еркінбекова «Психологиялық эксперименттің теориясы мен әдістемесі», «Ғылыми зерттеу жұмыстарының әдіснамасы», «Қарым-қатынас психологиясы және конфликтология», «Жалпы психология», «Жарнама психологиясы», «Тайм-менеджмент», «Отбасы психологиясы» және т.б. міндетті және таңдау курстарынан дәрістер оқиды.

×
Stay Informed

When you subscribe to the blog, we will send you an e-mail when there are new updates on the site so you wouldn't miss them.

Biography
ӨМІРБАЯН