Өмірбаян

Джиембаева Қаламқас Ідрісқызы

Джиембаева Қаламқас Ідрісқызы мұнай факультетінің «Мұнай және газ кен орындарын игерудің технологиясы және жүйелі механизациясы» мамандығы бойынша  В.И. Ленин атындағы ҚазПТИ бітірдім.  1974 жылдан 1982 жылға дейін ҚазССР ҒА Қ.И.Сатпаев атындағы Геологиялық Ғылымдар Институтында жұмыс жасадым. 1982 жылдан 2005 жылға дейін Қ.И.Сатпаев атындағы ҚазҰТУ «Мұнай жыне газ кен орындарын игеру және пайдалану» кафедрасында жұмыс істедім. Аспиратураны бітіріп, диссертация қорғап, Москвадағы И.М. Губкин атындағы мұнай және газ академиясындағы «МГКОИП» кафедрасында  «Мұнай жыне газ кен орындарын игеру және пайдалану»  мамандығы бойынша техника ғылымдарының кандидаты дәрежесін алдым. 2003 жылдан 2005 жылға дейін Каспий Қоғамдық Университетінде «Мұнай және газ кен орындарын игеру» кафедрасының меңгерушісі болып жұмыс жасадым. 2004 жылдан 2012 жылға дейін ҚБТУ Мұнай-газ инженерниясы кафедрасында жұмыс істедім. Республикалық және халықаралық басылымдарда 80 астам ғылыми жұмыстар басылып шығарылды. Мұнай-газ саласы бойынша студенттер мен мамандарға арналған оқулықтар және оқу-әдістемелік құралдар жарық көрді. Соның ішінде  «Мұнай кен орныдарында ұңғы өнімін жинау және дайындау» (254 б.) оқулығы  - Қазақстанның ЖОО ішіндегі жарыққа шыққан оқу және оқу-әдістемелік әдебиеттердің  ең үздігі конкурсының жеңімпазы болып,  ҚР БҒМ Қ.И.Сатпаев атындағы ҚазҰТУ  сертификаты берілген (2012 жылдың сәуірі). Бұл кітаптың нұсқалары Москвадағы И.М. Губкин атындағы РМУ, Лондондағы Британ кітапханасында, АҚШ Вашингтондағы Конгресс кітапханасында орналасқан. ҚР Мұнай-газ өндірісі оқу орталығында ұлттық және шетел мұнай компанияларының инженерлері, менеджерлері, супервайзерлері және басқарушы қызметкерлеріне лекция курстарын жүргіздім. Канада үкіметінің гранты бойынша «Мұнай және газ кен орындарын игеру және пайдалану»  мамандығы бойынша оқытушылардың біліктілігін арртыру курстарын өттім (халықаралық  сертификат, 2002 жылдың наурызы, Калгари, Альберта, Канада). 2008 жылдың 27 маусымынан 05 тамызға дейін Шотландиядағы Эдинбург қаласында «Petroleum Engineering» магистрлік бағдарламасы бойынша Heriot-Watt университетінде біліктілікті арттыру курстарын өттім. Қазіргі уақытта Каспий Қоғамдық Университетінің Инженерия Жоғарғы мектебінің (факультетінің) ассоциацияланған профессоры болып жұмыс жасаймын. ҚР мұнай-газ саласы бойынша инженерлік кадлар дайындауға үлкен үлес қосқам. Бітірген түлектердің көбісі ҚР, ТМО және шетелде бірлескен компанияларда, ұлттық және шетел мұнай компанияларында мұнай-газ өндірісінде басқарушы қызметтерде. Олардың ішінде инженерлік кадрлар дайындайтын, диссертация қорғаған ғылыммен айналысатын қызметкерлер де көп. 

×
Stay Informed

When you subscribe to the blog, we will send you an e-mail when there are new updates on the site so you wouldn't miss them.

Autobiography
Өмірбаян