Өмірбаян

Мақсат Әнесұлы Тәж-Мұрат

 

Қазақ мәдениет ғылыми-зерттеу институтының Бас директоры.

(бүркеншік есімдері: Шыншыл, Мұрат Дерекші, Шатыр-Хан Бәйтереков, Максимилиан Малозёмов).

1959 жылы қарашада Атырау облысына қарасты Қосшағыл поселкесінде дүниеге келді. Орта мектепті бітірген соң мұнай кәсіпшілігінде жұмыс істеп, 1978-1983 ж. аралығында ҚазМУ-дің журналистика факультетінде оқыды. 1983-1990 жылдар аралығында «Білім және еңбек» журналында әдеби қызметкер, «Социалистік Қазақстан» газетінде тілші, «Горизонт»-«Өркен» газетінде редактордың орынбасары, «Жалын» журналының жауапты секретары, Қазақстан ЛКЖО ОК жастар бұқаралық ақпарат құралдары секторының меңгерушісі болып істеді.

1990-1999 жылдары ҚазМУ-дің филология факультетінде аспирант, аға оқытушы, доцент болды. 1994 ж. «Ғұмар Қараштың ақындығы» дейтін тақырыпта диссертация қорғап, филология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алды.

1999-2002 ж. ҚазМУ докторантурасында оқыды. 2002-2006 жылдары шығармашылық қызметте. 2006-2007 ж. «Қазақ әдебиеті» газеті бас редакторының орынбасары, 2007-2009 ж. «Ана тілі» газетінің бас редакторы. 2009 жылы Астана қаласына ауысып, 2013 ж. дейін «Астана» журналының бас редакторы болып істеді. 2013 ж. қаңтардан Алматыдағы Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институтының бас директоры.

Төрт кітабы жарық көрген: «Шәңгерей: жасампаздық өмірі» (1998), «Батыс Алаш-Орда: биобиблиографиялық сөздік тәжірибесі» (2003), «Ғұмар Қараш: өмірі мен шығармашылығы» (монография, 2005), «Кәбиса жыл: зерттеу, эссе, әдеби толғамдар» (2009). Мерзімді басылымдар бетінде жарияланған жүзге тарта мақаланың авторы. Негізінен эссе жанрында еңбек етеді, ғылыми-қаламгерлік ізденіс бағыты – қазақ тарихына альтернативтік көзқарас; ХХ ғ. басындағы жәдидия жаңару қозғалысы және қазақ әдеби процесі; Қазақстанның мәдениет саясаты.

undefined
×
Stay Informed

When you subscribe to the blog, we will send you an e-mail when there are new updates on the site so you wouldn't miss them.

Өмірбаян
Өмірбаян