Ғылыми дәрежесі – заң ғылымдарының кандидаты.

 

1984 жылдың 23-наурызы күні Қазақстан Республикасы Ақтөбе қаласында дүниеге келген. 2001 жылы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министірлігінің Ақтөбе заң колледжіне түседі. Құқық қорғау органдарында жұмысты әкімшілік қызметтен, кадрлық және тергеу органдарынан бастайды. Құқық қорғау органдарындағы жалпы жұмыс отілі 10 жылдан асқан.

2006 жылы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін құқықтану мамандығы бойынша бітірген. 2010 жылы қазан айында Қазақстан Республикасы ІІМ Академиясын күндізгі адъюнктурасын бітірген, ол 2010 жылдың қараша айында «12.00.09 – қылмыстық процесс; криминалистика және сот сараптамасы; жедел-іздестіру қызметі» мамандағы бойынша заң ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін «Қылмыстық процесс жүргізетін органдардың заңсыз әрекеттері әсерінен келтірілген замандарды өтеу институты: теория және практика проблемалары» тақырыбында кандидаттық диссертациясын қорғады.

Қазіргі уақытта Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінде экономика және құқық институтының қылмыстық-құқықтың пәндер кафедрасының доценті.

Ғылыми зерттеу саласы – азаматтардың заңсыз келтірілген залалдарды өтеу құқықтарын жүзеге асыруға қылмыстық-процессуалды қатынастар. Ол 30 ғылыми және 4 оқу құралының авторы.