Өмірбаян

Поверникова Татьяна Дмитриевна Қарағанды қаласында 1973 жылы 17 мамырда дүниеге келді. № 16 ЖББМ аяқтаған кейін Тәттімбет атындағы Қарағанды қаласының музыкалық училищесін (1992), хорды дирижирлеу сыныбы бойынша Құрманғазы атындағы Алматы Мемлекеттік консерваториясын (1998) және Қарағанды қаласының музыкалық училищесінің актерлік шеберлік факультетін (2007) тәмамдады.  

1992 жылдан бастап концертмейстер, вокал және фортепиано ұзтазы, Бучин атындағы хордың жетекшісі және музыка пәнінің ұстазы болып №1 БММ және №1 «СОГ ЭТНА» Қарағанды қаласында еңбек етті.

2001 жылдан бастап ОҚНО «Wiedergeburt»- мен ынтымақтастықта. «Жұлдызды дауыс» вокалдық студиясының ашушысы және меңгерушісі.

Қарағанды Мемлекеттік Медицина Универитеінде 2007 жылы хор  - вокал ұжымын ашып, қазіргі күнде Университет қабырғаларында және Қарағанды қаласындағы кештерде хор ұжымы өз өнерлерін көрсетеді.

Поверникова Татьяна Дмитриевна – қарағандылық композитор, поэтесса, хормейстер, музыка пәнінің ұстазы.

2005 жылдан бастап Қарағанды облысының композиторлар қоғамының мүшесі, 2006 жылдан бастап оның хатшысы болып қызмет атқарады.

Т. Д. Поверникова - қалалық, областық және халықаралық Мәскеу,  Астана, Павлодар, Қостанай, Қарағанды қалаларында және Финляндия елінде өткен конкурстардың қатысушысы.  Қазақтан және Ресей халықтар Ассамблеясының лауреаты. (2003 ж.)

Үздік деген бағамен «Қамзабаев оқуларында» (2001, 2003, 2005 жылдары) «Балалар хор ұжымында вокал-хор дағдыларының дамуы» жұмысын қорғады.

В.В. Емельянов әдісі бойынша «Дауыс дамуының фонопедиялық әдісі және хор-вокал жұмысы» бойынша Санкт-Петерург қаласында 3 семинардан өтті. (1992-1993жж)

 2006 жылдан бастап Т.Д. Поверникова өз оқушыларымен әр түрлі тақырыптардағы мерекелік кештерге белсенді қатысты, ортақ музыкалық басылымдарда және «Весёлый Там Там» балалар музықалық тележобасына қатысты.

Оның шығармашылығы келесі басылымдарда жарық көрді: «Балауса әуенднрі», «Сүйікті жас қалам», в песенных дисках: «Мәңгі жаса отаным», «Қарағандым өнім», «Город детства».

×
Stay Informed

When you subscribe to the blog, we will send you an e-mail when there are new updates on the site so you wouldn't miss them.

«Снежинки»
«Философия архитектурного пространства»