Өмірбаян

Беркимбаев Камалбек Мейірбекұлы – Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Ғылыми-зерттеу істері жөніндегі вице-президент. Педагогика ғылымдарының докторы, профессор. «Педагогикалық ғылымдар» кафедрасының профессоры.

1992 жылы Абай атындағы Қазақ мемлекеттік педагогикалық университетін бітірген.

Жетістіктері:

Білім беру саласындағы ерекше еңбегі үшін "Қазақстан Республикасының Білім беру ісінің құрметті қызметкері" төсбелгісімен марапатталған. 27.12.2005 ж.

Халықаралық ақпараттандыру академиясының академигі болып сайланған (14.12.2007 г.)

"ЖОО үздік оқытушысы-2007ж", "ЖОО үздік оқытушысы-2013ж" грант иегері, байқауының жеңімпазы.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы қадағалау және аттестаттау комитетінің шешімімен 2008 жылдың 31 қазанында "Информатика, Есептеу техникасы және басқару" мамандығы бойынша профессор ғылыми атағы берілді. (Хаттама №7 31.10.2008 ж.).

«Қазақстан Республикасының ғылымын дамытудағы еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталған. 18.09.2009 ж.

2007-2009 жж. педагогика ғылымы бойынша докторлық диссертацияны қорғау жөніндегі Диссертациялық кеңестің Ғалым хатшысы, Педагогика бойынша докторлық диссертацияны қорғау жөніндегі Диссертациялық кеңес төрағасының орынбасары. 2009-2010 жж.

ОҚО «ЖОО үздік тәлімгері» облыстық грантының иегері. 2012

«Педагогикалық ғылымдар» секциясы бойынша Ресей Жаратылыстану Академиясының академигі болып сайланған (№7389, 22.05.2014 ж.).

Жас ұрпақты оқыту және тәрбиелеу ісіндегі елеулі табыстары үшін    «Ы.Алтынсарин» төсбелгісімен марапатталған. 07.12.2013 ж.

ҚР БҒМ Ғылым және білім саласындағы бақылау комитетінің 10.07.2014 жылғы шешімімен "Педагогика" мамандығы бойынша профессор ғылыми атағы берілді. Бұйрық №1131,  10.07.2014 ж.

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің жарлығымен «Қазақстан Конституциясына 20 жыл» мерекелік медалімен наградталды (2015 ж. тамыз)

Педагогикалық білім берудің Халықаралық Ғылым академиясының академигі болып сайланды (№948, 26.04.2016 ж.).

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың алғыс хатымен марапатталған. (2016 ж. наурыз).

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің жарлығымен «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медалімен наградталды (2016 ж. 29 қараша).

Кентау қалалық Маслихатының депутаты ОҚО 2016ж.

 

 

Біліктілік жетілдіру:

Ұлыбритания мемлекетіндегі «Oxford», «Cambridge», «Anglia Ruskin University», «Brunel University» «REGENT’S» university London университеттерінде біліктілігін арттыру» курстарынан өтті. 

Еңбек тәжірибесі:

1992-1993 жж. Қ.А.Ясауи атындағы Түркістан мемлекеттік университеті Жоғары математика кафедрасының оқытушысы, аға оқытушы

1993-2003 жж. Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті  Кентау бөлімінде «Математикалық модельдеу және оңтайлы басқару» кафедрасының меңгеруші

2003-2006 жж. Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Кентау институты директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары

2006-2007 жж. А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Кентау институты Педагогика факультетінің деканы

2007-2013 жж. Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Кентау институты директорының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары

2013-2018 жж. Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Кентау институтының директоры.

2018 ж. қыркүйек айынан  Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Ғылыми-зерттеу істері жөніндегі вице-президенті

Ғылыми-зерттеу саласы: кәсіби білім беру, білім берудегі заманауи технологиялар.

Информатика және педагогика саласы бойынша 3 Ғылым докторына кеңесші, 15 ғылым кандидатына, «Педагогика және психология», «Тарих», «Физика» мамандықтары бойынша PhD докторанттардың ғылыми жұмыстарын қорғатқан. «Педагогика және психология», «Тарих» және «Физика», «Математика», бойынша PhD докторанттарға жетекшілік етуде.

400-ден астам жарияланған ғылыми еңбектері бар, оның ішінде 7 монография, 10 оқу құралы, 50 оқу-әдістемелік құрал, 3 патент, 15 авторлық құқығы бар куәліктің және Web of Science, Scopus ақпараттық деректер базасында нөлдік емес импакт-факторы бар ғылыми журналдарда жарияланған 10 ғылыми мақалалары бар.

×
Stay Informed

When you subscribe to the blog, we will send you an e-mail when there are new updates on the site so you wouldn't miss them.

Summary
Радикальное продление жизни