Өмірбаян

Айменов Асқар Жамбылұлының

Айменов А.Ж. 1978 ж. Шымкент қаласында туылған, ұлты қазақ, ҚР азаматы. 1995 ж Шымкент қаласындағы № 20 мектепті бітірген соң ҚР ІІМ Шымкент құқықтану колледжіне оқуға түсіп, 1997 ж бітіріп ҚР ІІМ ОҚО Бас басқармасында 2000 ж. дейін қызмет етті.

Білімі: 2000 ж. Қ.А. Яссауи атындағы ХҚТУ «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген, 2003ж. Қайнар университетінде «Дүние жүзі экономикасы» мамандығын, 2005ж., 2014ж. «Мұнай және газдың химиялық технологиясы», «Радиотехника, электроника, телекоммуникация» мамандықтарын, 2012ж. Мәскеу басқару және сервис институтында «Автосервис» мамандығын бітірген соң, 2015-2018ж.ж. ОҚМУ-де доктарантурада оқыды.

Академиялық атақтары: Экономика ғылымдарының магистрі, PhD докторы, ХАА (МАЙН) академигі.

Еңбек жолы: 1997-2000ж.ж. ҚР ІІМ ОҚО Бас басқармасында, 2000-2002ж.ж. – «Су ресурстары» ЖШС заңгер, 2002-2008ж.ж. «Каз Транс Ойл» АҚ ШМБ инженер, 2010-2015ж.ж. «Linesystemengineering» ЖШС директоры, 2015-2018ж.ж. «Каз Транс Ойл» АҚШМБ инженер, басқарма бастығының орынбасары, 2018ж. – «Созақ» МТС бастығы.

Ғылыми-педагогикалық еңбегі: 2000-2007ж.ж. Қазақстан-Ресей институтының «Экономика» кафедрасының аға оқытушысы, 2008-2015 ж. сол институттың қашықтықтан оқыту орталығының аға оқытушысы, 2015-2018ж.ж. ОҚМУ-нің ҚМҚжС ҒЗИ-нің ғылыми қызметкері, 2018ж. бастап, SILKWAY Халықаралық университетінің доценті, ОҚМУ-нің ғылыми қызметкері А.Ж. Айменовтің 43 ғылыми еңбектері бар, оның ішінде 2 монография, 2 оқулық, 11 мақаласы шетелде жарық көрген.

А.Ж. Айменов белсенді қоғамдық жұмыстары үшін Түркістан облыстық маслихатының құрмет грамотасымен, «Нұр-Отан» партиясының облыстық филиалының Құрмет грамотасымен марапатталған.

×
Stay Informed

When you subscribe to the blog, we will send you an e-mail when there are new updates on the site so you wouldn't miss them.

Абдигапар Сагадат Едигеулы
Утешева Гульнур Ташкенбаевна