Өмірбаян

 

Асубаев Берік 1990 жылы Абай атындағы ҚазПИ-дің жаратылыстану-география факультетінің география-экология бөлімін бітірген. Жоғары оқу орнын бітіргеннен кейін Алматы қаласында орта мектепте география пәнінің мұғалімі болып жұмыс істеді. 1991 жылдан бастап Абай атындағы Алматы мемлекеттік Университетінде жұмыс істеп келеді.

Асубаев Б. Қ өз пәнін ғылыми әдістемелік дәрежеде оқытуда жаңа технологияларды пайдалана отырып, сабақтарын жоғары деңгейде өткізеді. Факультеттің педагогикалық практикасын география бөліміне жетекшілік етеді.

Білім және Ғылым министрлігі жариялаған 9-шы сынып Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік географиясы жаңа буын оқулығы, 7-8-ші сыныптарға арналған оқулықтарының методикалық құралдары, «Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік географиясы» электронды – мультимедиялық оқулықтарының авторы. Жоғарғы оқу орны студенттері мен мектеп оқушыларына арналған «Физикалық географиядан тест сұрақтары» және «Экологтың кітапшасы» әдістемелік құралының авторы. Жоғары оқу орнына арналған географияны оқыту методикасы пәнінен типтік бағдарламасы 2003 жылы жарыққа шықты. Республикалық ғылыми әдістемелік география және табиғат, мектеп директоры журналдарында методикалық статьялары жарияланып отырады.

2007 жылы Астана қаласында өткен Республикалық жаңашыл мұғалімдердің форумына қатысты. Алматы қаласы және облысы мұғалімдерінің білімін жетілдіру институттарында мұғалімдерге география пәнінен лекция оқиды. Республикалық қалалық оқушылардың ғылыми жобалары мен олимпиадасында жюри мүшесі. Бірыңғай Ұлттық тестілеудің енуіне байланысты география пәнінен тест жасаушы және эксперт мүшесі.

 

×
Stay Informed

When you subscribe to the blog, we will send you an e-mail when there are new updates on the site so you wouldn't miss them.

Summary
Список наград и присужденных званий