Өмірбаян

ЗАКИРОВА АЛМА БУЛАТҚЫЗЫ

 

Педагогика ғылымының кандидаты, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің доцент міндетін атқарушы

 Павлодар обылысы, Павлодар қаласында1982 жылдың 11 наурызында дүниеге келген. 2000 жылы Талғар қаласының қазақ-түрік лицейін бітірген. 2003 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін ағалшын тілі білімімен информатика мамандығын бітірді. 2005 жылы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетін информатика және қолданбалы математика мамандағын бітірді. 2005-2007 жылдар аралығында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде аспирантураның күндізгі бөлімінде оқыды. 2003 жылы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің информатика және қолданбалы математика кафедрасында инженер қызметіне қабылданды. 2004 жылы информатика және қолданбалы математика кафедрасына ассистент қызметіне ауыстырылды, 2005 жылы осы кафедраның оқытушы, аға оқытушы қызметіне ауысты. 2010 жылы «Методика разработки и использования электронных лабораторных работ по численным методам в подготовке будущих учителей информатики» атты тақырыбында кандидаттық диссертация қорғады. 2012 жылы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ақпараттық технологиялар факультеті деканының академиялық мәселелер жөніндегі орынбасары қызметіне тағайындалды.

2012 жылы Еуропа, Братислава қаласында, Экономикалық университетінде «IT-Project Management: управление проектами в области информационных технологий. Европейский опыт» атты курсын тыңдаған. 2013 жылы Санкт-Петербург қаласында, Білімді ақпараттандыру академиясында біліктілігін арттырды. 2013 жылы «Болашақ» Президенттік бағдарламасы бойынша Корея Республикасы, Сеул қаласында «Information Technology & Systems and Telecommunication – 30T, 44T» мамандығы бойынша үш айлық тағылымдамадан өтті.

Бірнеше ғылыми жұмыстары мен мақалалары баспадан жарияланған: «Проблемы информатизации образования», «Использование электронных ресурсов при подготовке будущих учителей информатики». Сандық әдістер курсы бойынша 3 оқу құралы бар.

×
Stay Informed

When you subscribe to the blog, we will send you an e-mail when there are new updates on the site so you wouldn't miss them.

Өмірдерек
Зейнулина Айман Файзолловна