Өмірбаян

Омарова Гульнара Магаувьяновна 1969 жылы 14 ақпанда Ресейде Алтай өлкесі, Петропавл ауданынын Антоньевка ауылында туылдым. Ұлтым – қазақ. 1991 жылы В.И. Ленин атындағы Қазақ Политехникалық  Геологиялық барлау факультетінің «Геологиялық түсіру, пайдалы қазба кенорындарың іздеу және барлау» мамандығын бітіріп, тау-кен инженер-геологы квалификациясына ие болдым,

2005 жылдаң бастап қазіргі уақытқа дейін Қ. И. Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық Университеті «Геологиялық түсіру, пайдалы қазба кенорындарың іздеу және барлау» кафедрасында оқытушылық және ғылыми қызметімен шұғылданамын. Осында, Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ Үлттық Университетінде магистрлік және докторлық диссертацияларымды қорғадым.

«Геологиялық түсіру, пайдалы қазба кенорындарың іздеу және барлау» кафедрасында жұмыс істеу барысында 10-нан астам бакалаврларға арналған әдістемелік нұсқаулықтар шығарылды, 35-тен астам ғылыми мақалалар жазылып ғылыми журналдарда басылып шықты, бірнеше халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияларда баяндама жасадым.

«Таужыныстардың микроскопиялық негіздері»; «Таужыныстарды зерттеудің зертханалық әдістері»; «Жерқойнауын пайдалану негіздері»; «Петрография» т.б. пәндерден дәріс беремін.

Геология және пайдалы қазба кенорындарын барлау мамандығы бойынша PhD докторы дәрежесіне ие болдым. Докторлық диссертациямды  «Метасоматоздық типті алтын кенорындарының минералогиялық критерийлерін зерттеу» тақырыбына қорғадым.

Менын зерттеу салаларым: Сыйыстырушы таужыныстармен кендердің геологиялық құрылымдарын зерттеу; кенденелерінің минералдық және жыныстық құрамын зерттеу; басты кентүзуші минералдарды және олардын таралу заңдылықтарын аңықтау, олардың орналасу формаларын замануи микроскопиялық әдістерің қолдана отырып анықтау; кенді және кенсіз минералдардың химиялық құрамын және олардың ішіндегі микроқоспалардын таралу түрлерын зерттеу; минералдардын типоморфтық белгілерін және қасиеттерін анықтау.

2009 жылдан бастап осы уақытқа дейін әртүрлі ғылыми-техникалық бағдарламалар мен гранттық жобаларға орындаушы ретінде  қатысып келемін.

×
Stay Informed

When you subscribe to the blog, we will send you an e-mail when there are new updates on the site so you wouldn't miss them.

Autobiography
The Elixir of returned youth or The Conception o...