Өмірбаян

1959 Жылы Қытай Халық Республикасы,Іле Қазақ автономиялы облысында дүниеге келген. 1984 жылы Шыңжаң Университетінің математика факултетін бітіріп, 1984--1997 жылдары Іле педагогикалық иниститутында дәріс берген.

1990 жылы ішкі қытайдағы Сы Чуан Университетінің математика Факултетінде білім жетілдірген. 1998—2000 жылдар аралығында, Қазақстан Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің механика –математика Факултетінің аспиратурасын бітірген. 2015—2016 жылдары «Мұқағали жұрналында» сарапшы, 2017—2018 жылдар № 153 мектеп гемназиясында сабақ берген. Қытайда «Шынжаң университетінің ғылыми жұрналы», «Іле педегогикалық институтінің ғылыми жұрналы», «Шынжаң оқу-ағарту жұрналы» қатарлы басылымдарда математика ғылымы бойынша 10 ға жуық, Қазақстанда, Қазақстан республикасы білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігінің ғылыми жұрналы «Ізденіс»те 5 ғылыми мақала,Абай атындағы Қазақ Ұлттық педегогикалық университетінің «Хабаршы» жұрналында 2 мақала жариялаған. 1997 жылы « Шыңжаң жоғары оқу орындары ғылыми жұрналы да»   өз тапқырлығы « тіке көбейту тәсілін» алғаш жәриялаған.

«Ар-ақиқат» атты жыр жинақ, «Мен білетін шындық» атты әдеби кітап құрастырып баспадан шығарған. «Шипагерлік баянды» ұзақ жыл зерттеумен айналысып халық медицинасына қатысты 15 ке жуық ғылыми сақала жазып «Өтейбойдақ» атты сайтта жариялаған. Тарих тақырыбында «Болған деген тайпа бар», «Алтын Ханзада кім?», «Қайдасың жеті қаған?», «Үш жүз аталымы қалай пайда болған» қатарлы ғылыми мақалалармен қоса «Сөз құдіреті» атты тың тақырыпта мақалалар жариялаған.Бұдан тыс қоғамдық мәселелер жөнінде « Азғандар мен тозғандар», «Бір қылығыңды ойласам...», «Сақтықта қорлық жоқ», « Әуелі танып алайық» сияқты танымдық мақалалар жазып, Abai.kz, Jusan.kz, Қамшы.kz және қытайдағы қазақ сайыттары мен қоса басқада қазақстан сайыттарында жариялаған.

Ақын, Математик, «Шипагенлік баян»ды зерттеуші.

×
Stay Informed

When you subscribe to the blog, we will send you an e-mail when there are new updates on the site so you wouldn't miss them.

Өмірбаян
Summary