Өмірбаян

Бабашев Виктор Нұрғалиұлы

28.07.1978 жылы Атырау қаласында туылған. Қазақ. Алматы қаласында тұрады.

       «Timal Consulting Group» ЖШС компаниясының директоры, техника ғылымдарының кандидаты, Халықаралық ақпараттандыру академиясының академигі (ХАА, Алматы), КОНГ, SPE мүшесі.

     Бабашев Виктор Нұрғалиұлы 2000 жылы Губкин атындағы Мәскеу мұнай және газ институтын мұнай және газ жобаларының экономист-менеджері мамандығы бойынша 2000 жылы аяқтағаннан кейін, еңбек жолын Шлюмберже компаниясында Қазақстанда, Өзбекстанда, Түрікменстанда геологиялық- гидродинамикалық үлгілерді жасау үшін Petrel және Эклипс бағдарламалық өнімдерін енгізу бойынша бизнесті дамыту жөніндегі менеджер лауазымынан бастады. Мамандандырылған бағдарламалық өнімдер жөніндегі білім мен тәжірибе «Тамко» ЖШС компаниясының вице-президенті лауазымындағы жұмысында, қорларды есептеу мен өндіру жөніндегі жобаларда геологиялық- гидродинамикалық үлгілерді құруға өз үлесін қосты.

 2010 жылдан бастап, қазіргі уақытқа дейін «Timal Consulting Group» ЖШС компаниясының директоры болып қызмет етеді.

     Жұмыс барысында көмірсутектердің қорларын есептеу мен өндіру жобалары үшін геологиялық- гидродинамикалық үлгілер құрумен, өндіру жобаларын, МШК ТЭН жасаумен, экономикалық үлгілер мен Қарашығанақ, Қашаған, Қаламқас-теңіз, Жаңажол, Кеңқияқ (тұз үсті), Әлібекмола, Қожасай, Орталық Ақшабұлақ және тағы басқа кен орындары бойынша Аджип ККО (НСОС), КПО, ТШО, СНПС сияқты ірі халықаралық компаниялармен, Қазмұнайгаз ҰК еншілес компанияларымен және басқаларымен ҒЗЖ шеңберінде өндіру нұсқаларының техникалық-экономикалық талдауын жасаумен айналысты.

2010 жылы «Мұнай және кен орындарын игеру және пайдалану» мамандығы бойынша диссертация қорғап, техника ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алды. MBA дәрежесі бар. Әртүрлі елдерде мерзімді біліктілігін арттыру курстарынан өтеді. 

     Бабашев Виктор Нұрғалиұлы – «Қазақстан өнеркәсібі» ҒТЖ Алматы 2007 ж.; Әзербайжан мұнай шаруашылығы, 2007 ж.; «ҚР мұнайгаз саласын дамытудың инновациялық жолдары» Халықаралық ғылыми-техникалық конференция материалдары  – Алматы: ҚазҰТУ 2007 ж.; ВНИИОЭНГ: Мәскеу, 2008 ж., ҚР ҰҒА Хабаршысы – 2008 ж.; «ХазарНефтГазЯтаг» Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары, Баку, 2008 ж.; ҚБТУ Хабаршысы  – Алматы, 2009 ж.; «Мұнай және газ» ҒТЖ. Алматы, 2010 ж., 2019 ж. сияқты және тағы да басқа көптеген кәсіби басылымдарда/журналдарда жарияланған әртүрлі кен орындарын өңдеуде үлгілеудің жаңа технологияларын пайдалануды негіздеу жөніндегі бірнеше ғылыми еңбектердің, мақалалардың, жарияланымдардың авторы. Компания қызметінде қолданылатын келесі арнайы бағдарламалық өнімдердің әзірлеушісі және авторы болып табылады:

  • «TCG.GKZ_ReserveTable» (Куәлік 04.2015 ж. №602);
  • «TCG.Upscalling» (Куәлік 04.2015 ж. №603);
  • «Vector Graphics Exporter («VeGeX») (Куәлік 06.2015 ж. №1282);
  • «Log Reporter» («LoRa») (Куәлік 06.2015 ж. №1503);
  • «Well log Correlation Module» (Куәлік 12.2015 ж. №2355).

Schlumberger («Petrel», «ECLIPSE 100» (Black oil), «ECLIPSE 300» (Compositional)), Rock flow dynamics (tNavigator) арнайы бағдарламалық өнімдерімен кәсіби жұмыс жасау шеберлігі/дағдысы Қашаған, Қарашығанақ, Қаламқас-теңіз және тағы басқа ірі кен орындарының қорларын есептеу барысында жобалау институтының пайымын кәсіби қорғауға мүмкіндік берді, бұл көмірсутектердің геологиялық және өндірілетін қорын, сәйкесінше біздің республиканың экономикалық әлеуетін арттыруға мүмкіндік берді.

2007 жылдан бастап Қазақстан Республикасының пайдалы қазбалар қорлары жөніндегі мемлекеттік комиссиясының тәуелсіз сарапшысы болып табылады.

2017 жылдан бастап Қазақстан Республикасының көмірсутек кен орындарын барлау және әзірлеу жөніндегі орталық комиссиясының тәуелсіз сарапшысы болып табылады.

2016 жылғы 11 қарашада Қазақстан Республикасының Ұлттық инженерлік академиясының «Қазақстанның 2016 жылғы үздік инженері»  атағымен және медалімен марапатталған.

2019 жылы Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің «Қазақстан мұнайына – 120 жыл» медалімен марапатталған.

Геология саласындағы үлкен еңбегі үшін 2019 жылы 3 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Геология комитетінің «Қазақстан Республикасының құрметті жер қойнауын барлаушы» кеудеге тағатын төсбелгісімен марапатталды.

    

×
Stay Informed

When you subscribe to the blog, we will send you an e-mail when there are new updates on the site so you wouldn't miss them.

Гонка за горизонт или Подарок для Агасфера
Autobiography