Өмірбаян

Сұлтанғазиев Қанат Құтжанұлы 1959 жылдың 25 қарашасында Оңтүстік Қазақстан облысы, Созақ ауданы, Шолаққорган ауылында дүниеге келдім.

1977 жылы Шолаққорған ауылындағы Ы.Алтынсарин атындағы орта мектепті бітірген соң Алматы зоотехникалық мал дәрігерлік институтына оқуға түсіп жылы аталған оқу орнын зоотехния мамандығы бойынша бітіріп зооинженер кәсібі бойынша мамандық алып шықтым.

1993 жылы Қазақстанның менеджмент экономика болжау институтын экономист-ұйымдастырушы мамандығы бойынша бітірдім.

Еңбек жолымды 1983 жылы Созақ аудандық мал өнімдерін дайындау және сапасы жөніндегі мемлекеттік инспекцияның мемлекеттік инспекторы болып бастадым. 1985-1986 жылдары Созақ аудандық ауыл шаруашылығы басқармасында аға зоотехник, 1986-1988 жылдары Қазақстан ЛКЖО Созақ аудандық комитетінің 2-ші хатшысы, 1988-1990 жылдары Қазақстан Компартиясы Созақ аудандық комитетінің ұйымдастыру бөлімінің нұсқаушысы, 1990 жылы Созақ аудандық мал өнімдерін дайындау және сапасы жөніндегі мемлекеттік инспекцияның бас мемлекеттік инспекторы, 1990-1991 жылдары Сызған совхозы партия комитетінің хатшысы, 1993-1994 жылдары Сызған совхозы директорының орынбасары, ферма меңгерушісі, 1995-1997 жылдары Созақ ауданы әкімдігі «Шапағат» қайырымдылық қорының президенті, 1997-2002 жылдары кәсіпкерлік салада менеджер, 2002-2006 жылдары Созақ аудандық аумақтық инспекциясының мал тұқымын асылдандыру ісі жөніндегі мемлекеттік инспекторы, 2006-2007 жылдары Созақ ауданы ауыл шаруашылығы бөлімінің жетекші маманы, 2007-2010 жылдары Созақ ауданы ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы, 2010-2013 жылдары Созақ ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі басшысының орынбасары, 2013-2018 жылдары Созақ ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі басшысының орынбасары қызметтерін атқардым. 2018 жылдың айынан бері Созақ ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі басшысының орынбасары болып қызмет істеймін.

 Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің, Созақ аудан әкімі мен Созақ аудандық мәслихат хатшысының алғыс хаттарымен марапатталғанмын.

×
Stay Informed

When you subscribe to the blog, we will send you an e-mail when there are new updates on the site so you wouldn't miss them.

Autobiography
Autobiography