Өмірбаян

Хаумен Армиянбек Қауменұлы 1974 жылы 27 қарашада Моңғолияның Өлгей қаласында интеллегент қызметкерлердің отбасында дүниеге келген. Әкесі құрылыс инженері қызметінде, анасы балабақша меңгерушісі қызметінде болған.

1993 жылы Қостанай облысы Қарасу ауданы Май орта мектебінің 11 сыныбын бітірген. 1996 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің механика және математика факультетіне оқу түсіп, 2000 жылы «Математика» мамандығы бойынша үздік бітіреді.

2000–2002 жылдары аталмыш университеттің магистратура бөлімінде оқып, «Delphi программалау ортасында қазақ тілінде бағдарламалар құру» атты магистрлік диссертациясын қорғады.

Еңбек өтілі:

2000-2003 гг. – «Республикалық ақпараттық есептеу орталығы» ААҚ, инженер-программист.

2003-2004 гг. – ҚР Ұлттық банкінің «Банктік қызмет бюросы», инженер-программист.

2004-2005 гг. «Республикалық ақпараттық есептеу орталығы» ААҚ, директордың орынбасары, жоба жетекшісі.

2005 жылдан бастап Алматы облысы Жамбыл ауданы Ақсеңгір ауылындағы орта мектепте математика және информатика пәнінің мұғалімі қызметін атқарып келеді.

2014 жылдан ҚР Білім және ғылым министрінің Ақпараттық және есептеу технологиялары институтының «Ақпараттық қауіпсіздік лабораториясында» ғылыми қызметкер болып жұмыс жасайды.

А.Хаумен криптография саласында Р.Г.Бияшевтің жетекшілігімен ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізеді. Оның қатысуымен ППСЖ-не негізделген шифрлеу алгоритмін жетілдіру жұмыстары жүргізіліп, аталған алгоритмге негізделген 3 жаңа алгоритм құрастырылды.

Институт қабырғасында жұмыс жасау барысында А.Хауменнің 11 ғылыми жұмысы шетелдік және отандық ғылыми басылымдарда (соның ішінде Thompson Reuters, Scopus базаларына кіретін басылымдар) жарияланды. Сонымен қатар, халықаралық ғылыми-практикалық конференцияларға қатысып, баяндамалар жасайды.

ҚР интеллектуалдық меншік иесі ретінде 2 авторлық куәліктің иесі.

А.Хаумен ғылыми жұмысын ұстаздық жұмыспен қоса атқарып келе жатқан білікті маман.

Үйленген, екі баланың әкесі.

 

×
Stay Informed

When you subscribe to the blog, we will send you an e-mail when there are new updates on the site so you wouldn't miss them.

Правда об «Ақтабан шұбырынды». Если мифы создаются...
Сладости Казахстана покоряют просторы соседей